Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туристік компания қызметінің жалпы сипаттамасы

Автор:   •  Март 15, 2023  •  Отчет по практике  •  4,703 Слов (19 Страниц)  •  169 Просмотры

Страница 1 из 19

[pic 1]МАЗМҰНЫ

Кіріспе ................................................................................3

1. Жалпы бөлім

1.1. Туристік кәсіпорынмен жалпы танысу..................................4

1.2. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық...........................9

2. Негізгі бөлім

2.1. Туристік компания қызметінің жалпы сипаттамасы.................12

2.2. Туристік ұйымдардағы жұмыс технологиясы.........................13

2.3. Туризмдегі Менеджмент....................................................14

2.4. Жарнамалық-ақпараттық қызметті дамыту............................15

3. Қосымша бөлім

3.1. Тақырыптық көрмелерге қатысу..........................................18

Қорытынды...........................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................21

КІРІСПЕ

      АТУ тамақ, қайта өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салалары, сервис индустриясы және қонақжайлылық үшін 60 жылдан астам мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. АТУ білім беру қызметтері нарығында 1957 жылдан бері бар және соңғы жылдары Болон декларациясының принциптерін жүйелі түрде жүзеге асыруда, жаһандық білім беру кеңістігіне белсенді түрде еніп, әлемде танымал бола бастады. 2005 жылдан бастап АТУ — да ИСО 9001-2008 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікке сертификатталған сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) жұмыс істейді. АТУ СМЖ нәтижелілігі сертификаттау қауымдастығы―IQNet халықаралық сертификаттау желісінің мүшесі — орыс тіркелімі тарапынан жүргізілген тәуелсіз аудиттермен расталған.
АТУ Халықаралық университеттер қауымдастығының, Халықаралық студенттер алмасу қауымдастығының, Еуропа университеттері Ректорлары клубының, Халықаралық библиографиялық қоғамның, Еуразиялық университеттер одағының, Mednet консорциумының ұжымдық мүшесі болып табылады.

      1995 жылы негізі қаланған экономика және бизнес факультеті жоғары білім сапасы, білікті және серпінді профессорлық – оқытушылық құрамы, ұжымдағы достық қарым-қатынасы арқасында университет жанындағы тиімді дамып келе жатқан факультеттердің бірі болып табылады. Факультетті басқарудың негізгі өлшемдері келесі принциптер болып табылады: студенттердің оқытушылармен, ата-аналардың университетпен және университет басшылығының қызметкерлермен сенімді қарым-қатынасы.
     Мен, Туризм19-11 қазақ тобының 2-курс студенті Бақыт Аңсар 24.05.2021–04.06.2021ж аралығында Zoom платформасы арқылы қашықтықтан бірінші өндірістік тәжірибеден өттім. 1-ші өндірістік тәжірибенің мақсаты - туристік саладағы кәсіпорындардың өндірістік процесімен және ұйымдық құрылымымен танысу, осы кәсіпорындардың жұмысы туралы алғашқы түсінік алу. 1-ші өндірістік тәжірибенің міндеттері:

  1. кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен танысу;
  2. туристік компанияның нормативтік-регламенттеуші құжаттарын зерделеу;
  3. жарнамалық-ақпараттық қызметпен танысу;
  4. туристік сала кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын зерделеу;
  5. туристік қызметтің маркетингтік қызметінің негізгі нысандары мен әдістерін зерттеу;

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ


1.1. Туристік кәсіпорынмен жалпы танысу

     Туристік кәсіпорындар - «туризм нысаны» жүйесінің ішінде туристік ұсынысты қалыптастырушы үшінші маңызды компонентті құрайды. Туризм саласында әртүрлі туристік кәсіпорындар қызмет етеді. Олардың бірі клиенттерге тек туристік қызметтер ғана ұсынса, ал басқалары үшін туризм олардың коммерциялық қызметтерінің көптеген бағыттарының бірі ретінде танылады. Тек туризм есебінен ғана өмір сүретін кәсіпорындар бірінші реттік қызмет көрсету саласындағы кәсіпорын болса, ал туристік саладан басқа салалардан пайда табатындар екінші реттік қызмет көрсететін туристік кәсіпорындар болып табылады. Сонымен, бірінші реттік кәсіпорындар тек туризмге ғана қызмет етіп, оның дамуының негізін құрайды, ал екінші реттік кәсіпорындар туристік сұраныстың кейбір бөлімін ғана қанағаттандырады, себебі олар үшін туризм - олардың өмір сүру көздерінің бірі ғана және олардың ұсынатын қызметтерін тек туристер ғана пайдаланбайды. Кейбір туристік кәсіпорындар өздерінің атқаратын қызмет түрлеріне қарай бірінші немесе екінші санаттағы кәсіпорын түріне жатады. Мысалы, қонақүй мен туристік бюролар әрқашан тек қана бірінші реттік туристік қызмет түрлерін ұсынады.

...

Скачать:   txt (68.4 Kb)   pdf (544.4 Kb)   docx (570.8 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club