Туризм және қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару нысандары
Автор: Aziza Karimova • Декабрь 21, 2022 • Лекция • 2,161 Слов (9 Страниц) • 276 Просмотры
Лекция 2. Туризм және қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару нысандары.
Лекция сұрақтары:
- Қонақжайлылық индустриясындағы басқарудың жіктелуі
- Келісім-шарт бойынша басқару
- Франчайзинг шарты арқылы басқару.
- жалға алу.
Халықаралық тәжірибеде неғұрлым кең тараған қонақжайлылық кәсіпорындарын басқару нысандарына мыналар жатады:
• келісім-шарт бойынша басқару;
• франчайзинг шарты арқылы басқару;
• жалға алу.
Қонақжайлылық индустриясында, сондай-ақ, бір-бірінен функциялардың мазмұнымен және пропорцияларымен, құрылымымен және басқаруды орталықтандыру дәрежесімен ерекшеленетін басқа да ұйымдық басқару нысандары (Акционерлік қоғамдар (АҚ), бірлескен кәсіпорындар (БК), синдикаттар, консорциумдар және т.б.) кең таралды.
2. Келісім-шарт бойынша басқару
1970 жылдан бастап қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарын басқарудың кең таралған негізгі нысандарының бірі – келісім-шарт бойынша басқару болып табылады.
Басқаруға арналған келісім-шарт деп кәсіпорынның (қонақ үйдің, мейрамхананың) иесі мен менеджердің немесе кәсіпорындардың тиісті түрлерін басқаруға маманданған компанияның арасында жасалатын жазбаша келісім түсініледі.
Қазіргі уақытқа дейін қонақ үй менеджменті саласындағы мамандар қонақжайлылық индустриясында басқаруға қатысты ең алғашқы келісім-шарт қай кезде және қай жерде жасалғаны туралы бірыңғай бір ортақ пікірге келе алмады. Кейбіреулер басқарудағы алғашқы келісімшартқа XX ғасырдың басында "Цезарь Рид Груп"компаниясы қол қойды деп санайды. Басқалары ең алғашқы басқарушы компания "Трэдуэй Хотэл" компаниясы болды деп санайды, ол өз жұмысын АҚШ колледждерінің бірінде шағын қонақ үйді басқарумен бастады. Үшіншілердің пікірі бойынша, ең бірінші басқарушы компания өз қызметін 30-шы жылдары бастаған "Уэстин Хотэлз" компаниясы болды.
90-шы жылдардың басында қонақ үйлерді басқару бойынша ірі компаниялар "Ричфилд хоутел менеджмент", "Далбтри хоутел", "Интерстейт хоутелз" болды.
Басқаруға арналған келісімшарттардың мазмұнында, әдетте, жеті негізгі сәттер енгізілген:
1. Басқарушы компанияға (операторға) кәсіпорынды басқару құқығын беру. Бұл ретте меншік иесі басқару процесіне араласу құқығынан айырылады.
2. Меншік иесіне әртүрлі операциялар бойынша барлық шығындарды жүктеу, сондай-ақ, оның меншік құқығынан туындайтын барлық қаржылық және жедел тәуекелдерді жүктеу.
3. Арнайы ниетпен жасалған немесе дөрекі немқұрайлық іс-әрекеттерінен басқа, операторды кез келген іс-әрекеттер үшін жауапкершіліктен қорғау немесе босату.
4. Қонақ үй кәсіпорындарының меншігін басқару мерзімі. Әдетте басқару келісім-шарты бес, он немесе жиырма жылға жасалады.
5. Мөлшері жалпы табыстың немесе таза пайданың мөлшерін негізге ала отырып айқындалатын басқарушылық сыйақы. Әдетте бұл жалпы табыстың немесе таза пайданың 2-4,5% құрайды. Кейбір келісім-шарттар бірінші жылы 2% - ды, екінші жылы 2,5% - ды, үшінші және кейінгі жылдары 3,5% - ды көздейді. Басқарушы фирмалар арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік келісімшарттық сыйақы мөлшерінің азаюына алып келді.
6. Келісім-шартты жаңарту шарттары. Қолданыстағы шарттардың көпшілігі басқарушы компанияның шешім қабылдауына басым құқық береді. Егер меншік иесінің басқарушы компанияға елеулі әсер ететін құралдары болса, ол келісімшартты қайта бастау туралы шешім қабылдаудың басым құқығына ие бола алады.
7. Келісім-шартты тоқтату шарттары.
Меншік иесіне немесе басқарушы компанияға түрлі артықшылық беретін келісімшартты тоқтатудың кем дегенде төрт нұсқасы бар:
• егер тараптардың бірі анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жасаған сәттен бастап екінші тарап заңмен белгіленген уақыт ішінде келісім-шарт талаптарын орындамаса;
...