Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Спорттық – сауықтыру туризмі технологиясы мен ұйымдастырылуы

Автор:   •  Февраль 27, 2018  •  Курсовая работа  •  9,254 Слов (38 Страниц)  •  2,073 Просмотры

Страница 1 из 38

КІРІСПЕ

Спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру  болып саналады. Саяхаттың спорттық - сауықтыру түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені спорттық – сауықтыру  жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы спорттық - сауықтыру туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері спорттық - сауықтыру туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың  мақсаты: Қазақстандағы спорттық-сауықтыру туризмінің даму мүмкіншіліктерін қарастыру.

Зерттеулердің мақсатына жету үшін келесідей міндетті шешу қажет болды:

- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;

- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;

- спорттық сауықтыру туризм технологиясы мен ұйымдастырылуын ашу;

- Қазақстан Республикасының  спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау;

- спорттық - сауықтыру туризмнің қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау.

Зерттеу объектісі: Спорттық – сауықтыру туризм.

Жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы спорттық – сауықтыру туризмнің даму мүмкіншіліктерінің ерекшеліктерін, маңызын мен мәнін зерттеу.

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау, салыстыру әдістері қолданылды.        

Курстық  жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,  қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыста отандық және шет елдік еңбектер мен бағдарламалар, туризм саласындағы ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары, баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері, заң актілерінің жиынтығы қолданылды.

Бірінші тарау «Спорттық – сауықтыру туризмнің қалыптасуы мен теориялық негіздері» бөлңмңн қамтиды, онда ел дамуының қазіргі кезеңіндегі спорттық – сауықтыру туризмнің ролі қарастырылды.

Екінші тарау Қазақстандағы спорттық – сауықтыру туризм орталықтарына сипаттама бере отырып, мемлекеттегі даму перспективаларына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында спорттық – сауықтыру туризмнің дамыту қажеттігі, ұсыныстар көрсетіледі. Оның бүгінгі күндегі мүмкіндітері түсіндіріледі. Объектілерге сипаттама беріп, спорттық сауықтыру туризмді дамыту мақсатында оларды бағалау жүргізіледі.

...

Скачать:   txt (114 Kb)   pdf (835.2 Kb)   docx (496.4 Kb)  
Продолжить читать еще 37 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club