Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
Автор: Shugyla2023 • Январь 31, 2023 • Реферат • 1,659 Слов (7 Страниц) • 169 Просмотры
71. Жеке табыс салығын есептеу тәртібі
[pic 1]
72. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат. Патент негізінде арнаулы салық режимін дара кәсіпкерлер мынадай шарттарға сай келетін жағдайда пайдалана алады:
1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады (2017 жылы бұл сомма 7 337 700 теңгенң құрайды). Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Қолдану тәртібі
Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі –есеп-қисап) ұсынады. Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы:
• жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;
• жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін;
• кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
Жеке кәсіпкердің салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмауы, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі болып саналады. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі арнаулы салық режимiне ауысуға болады.
73. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар: 1) дара кәсіпкерлер үшiн:
• дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
• салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
• қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
• салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады. Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.
74. Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерлемеде, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салық жүйесі – бұл берілген елде заңмен белгіленген барлық салықтардың жиынтығы, оларды қалыптастыру, есептеу әдістері мен қағидалары, салықтық бақылау. Қазіргі заманғы салық жүйесін құруда елдің ішкі ұлттық қағидалары ескеріледі. Сол қағидалар негізінде мемлекеттің типіне, саяси режиміне және экономикалық базистің мүмкіндіктері мен қалыптасқан әлеуметтік даму жағдайларына қарай салықтық концепциялар жасалып, салық механизмінің әрекет ету шарттары құрылады. Салық жүйесі иілімді және сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге тез бейімделгіш болуы тиіс. Ол бірінші кезекте ЖІӨ-нің қайта бөлінуін қамтамасыз етіп, мемлекеттің экономикалық саясатының тиімді құралы ретінде қызмет етуі тиіс. Тиімді салық жүйесін қалыптастыруда оны қалыптастыру қағидаларының маңызы зор. Салық салудың жалпыға ортақ қағидалары бар. Салық салу қағидаларын ең алғаш А. Смит 1776 ж. өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері» атты еңбегінде атап өткен. Ол кейіннен «салық төлеуші құқықтарының декларациясы» деп аталып кеткен төрт маңызды қағиданы бөліп көрсетті:
...