Еліміздегі 22 Наурыз мейрамының тойлануына қарай анимациялық шара ұйымдастырыңыз
Автор: Томирис Салкен • Апрель 12, 2022 • Реферат • 1,848 Слов (8 Страниц) • 278 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
Туризм кафедрасы
[pic 1]
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еліміздегі 22 Наурыз мейрамының тойлануына қарай анимациялық шара ұйымдастырыңыз.
Дайындаған: Салкенова Томирис,
Муратбекова Диназ,
Фатай Нурлы
Қабылдаған: Баймбетова А.Б.
Тобы: Туризм-23
Нұр-Сұлтан, 2022 жыл
Еліміздегі 22 Наурыз мейрамының тойлануына қарай анимациялық шара ұйымдастырыңыз.
Іс- шара мақсаты: отансүйгіштікке тәрбиелеу: Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтаралық бірлік пен Қазақстан халықтарының келісімі, толеранттылыққа тәрбиелеу. Мерекенің негізгі мақсаты-Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Бағдарламаға енгізілген іс-шаралар:
№ | Іс-шара атауы | Өткізілетін уақыты |
11. | Іс шараның ашылуы:Фольклор сағаты «Әз Наурыз - жаңару мен жаңғыртудың бастауы» | 10.00-11.00 |
22. | «Төрлет, Наурыз – жыл басы!» мерекелік концерті | 11.00-14.00 |
33. | “Наурыз дастарханы” атты тағамдық фестивалі | 10.00-19.00 |
44. | "Қара жорға" ұлттық биі бойынша мастер-класс | 15.00-16.00 |
55. | Квест «Наурызым – ұлыс берекем!» | 16.00-17.30 |
66. | «Наурыз айы туғанда ...»ұлттық ойындарды ұйымдастыру | 16.00.18.00 |
77. | Іс шараның аяқталуы: «Наурыз – көктем мейрамы» мерекелік концерті | 18.00-21.00 |
- Іс шараның ашылуы:Фольклор сағаты «Әз Наурыз - жаңару мен жаңғыртудың бастауы» - ұлттық аспаптарда қазақ күйлерін және әндерін орындау.
- «Төрлет, Наурыз – жыл басы!» мерекелік концерті – мереке байланысты әндерді орындау,қазақтың ұлттық билерін билейді.
- “Наурыз дастарханы” атты тағамдық фестивалі – ашық аспанда қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже,бауырсақ дайындалады;келушілерге ұлттық тағамдар оларға:қымыз,құрт,ірімшік,наурыз көже,бауырсақ және т.б. тағамдар таратылады.
- "Қара жорға" ұлттық биі бойынша мастер-класс – бишілер келушілерге «Қара жорға» биін орындауды үйретеді, соның барлығы бірге билейді.
- Квест «Наурызым – ұлыс берекем!»
1 кезең «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»
Осы кезеңде ойын-сауық бағдарламасына қатысушылар кезеңдер бойынша "Наурыз мейрамын" мерекелеу туралы, оның тарихы, маңызы туралы ақпарат алады. Содан кейін тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға жауап береді.
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері қандай?
- Бұл қандай дәстүр?
- Қазақтың ұлттық киімін таңдап, ол туралы сипаттап айтыңыз.
2 кезең «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Бұл кезеңде ұлттық қазақ халқының дәстүрлі тағамдары туралы айту керек. Арнайы қораптан карточка алып, сонда жазылған тағам жайлы сипаттау қажет.
- Бұл тағамның атауы?
- Тағамның құрамы?
- Бұл тағамның шығу тегін білесізбе?
3 кезең «Алпамыс батыр»
Осы кезеңде қатысушылар күш сынасады және жалпы ұлттық ойындарды сипаттайды.
...