Темір жол қауіпсіздігі
Автор: Bayan11 • Сентябрь 9, 2018 • Реферат • 5,564 Слов (23 Страниц) • 4,288 Просмотры
Мазмұны:
- Кіріспе
- Темір жол қауіпсіздігі
- Темір жол көлігі
- Алматы-2 станциясы
- Локоматив депосы
- Жер төсемі, жолдың жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстары
- Рельстер және бағыттамалық бұрмалар
- Тұлпар –Тальго
- Көліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың рөлі.
- Қорытынды
- Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасымцыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылып отыр. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие.
Елбасы өз жолдауында темір жолдың ең басты көлік екенін, сонымен қатар дайындалып жатқан жас мамандарға сенетінін жеткізді. Қазіргі уақытта біздің академияда 1000-нан астам студент білім алуда. Бұнын өзі болашаққа анық қадам басуға шақырады деп есептеймін.
ҚАЗККА-бағыттауымен оқу-практикадан өту үшін Алматы-2 станциясында өзіміздің білімізді арттырдық. Яғни, мамандығымызға байланысты көптеген жаңа терминдер танысып, көптеген жаңа ақпараттарды алдық. Оқу-практика сәтті өте отырып, Алматы-2 станциясының барлық пунктерімен , сонымен қатар, «Тұлпар-Тальго » поезды туралы жаңа мәліметтерге ие болдық.
Менің ойымша, мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз. Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек. Мені бұл мәселелер іштей өте қызықтырды. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын осы мәселелерге сай таңдадым. Бұл жұмысымда Қазақстан теміржолдарының жалпы жағдайы, мәселелері және оны шешу жолдарына назар аударылған.
Темір жолда жүру қауіпсіздігі
22-ші мамыр күні болған оқу-практикасында Алматы-2 станциясын аралау барысында ең бірінші, бізді темір жолда жүру қауіпсіздігімен таныстырды. Яғни, көптеген техникалық қауіпсіздікті сақтауды қатаң бақылады. Бұл жұмыс темір жол қауіпсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Біз Темір жол көлігі, қорғаныс жабдықтарды жалпы сипаттамасын қарастыруда қауіпсіздіңті бақылай отырып, оқу-практикамызды жалғастыруға мүмкіндің алдық.
Қарапайым жолаушы мен жұмысшылардың әр түрлі қауіпсіздік ережесі болады. Екі жағдайда да байқампаздық, ұқыптылық, сақтық қадағаланады деп есептеймін. Сонымен қатар, темір жолдан өткен кезде көпір арқылы немесе сақтықпен пойыз жоқ екеніне көз жеткізген соң ғана арнайы рұқсат етілген жермен жүру шарт. Темір жолда жүру қауіпсіздігін бұзу арқылы өмірімізге қауіп төндіруіміз әбден мүмкін. Ең бір ескеретін жәйт, темір жолда ұялы телефон қолдану және құлаққап киіп жүру өте қауіпті. Келе жатқан локомативті немесе пойызды байқамай, ауыр жарақат алып яки, өлімге әкелетін жағдай да болуы мүмкін. Бұл туралы бізге жетекшіміз ескертіп өтті. Әр адамның өмірі маңызды . Сол себепті темір жол қауіпсіздігін сақтағанымыз дұрыс. Жұмысшылар арасында да, қатаң тәртіпті сақтамай, ереже бұзған адамдарды өлімге әкелді. Осы жағдайларды ескере отырып, темір жолда жүру қауіпсіздігін және арнайы тәртіпті бұзбаған жөн. Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі мына заңнамалармен сәйкес жүргізіледі: 1. Осы Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ереже меншік нысанына қарамастан, темір жол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті мемлекеттік бақылауды мемлекеттік көліктік бақылау органдары жүзеге асырады.
...