Оку практика есебi в ЖШС “Қызылорда Автобус паркі ”
Автор: abzhanov • Май 6, 2024 • Отчет по практике • 1,064 Слов (5 Страниц) • 96 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті
«Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасы
ОҚУ ПРАКТИКА
ЕСЕБІ
Іс-тәжірибе өткізген орны: ЖШС “Қызылорда Автобус паркі ”
Студенттің аты-жөні, оқу тобы:Жапанов Дамир; ОПД 20-1
ҚУ-нің іс-тәжірибе жетекшісі Аленов Қанат Табынұлы аға оқытушы | Іс-тәжірибе өткен орындағы іс-тәжірибе жетекшісі Абзиев Асылжан Асанович |
Қорғауға жіберілді «____»________________2024 жыл
Бағасы______________________
Мазмұны
1. Кіріспе.........................................................................................................................1
2. ЖШС “Қызылорда Автобус паркі” мекемесінің жалпы сипаттамасы.................2
3. ЖШС “Қызылорда Автобус паркі” мекемесінің атқаратын жұмыстар...............3
4.Өндірістік тәжірибе барысында мекемеде атқарылған жұмыстар........................4
5. Қорытынды.................................................................................................................5
Кіріспе
Мен, Жапанов Дамир өндірістік тәжірибемді ЖШС “Қызылорда Автобус паркі” мекемесінде іс-тәжірбиеден өттім.Тәжірибе өту аралығы 11.03.2024-03.05.2024 жж.Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым ЖШС“Қызылорда Автобус паркі”мекемесінің тарихымен,құрылысымен,ол мекеме бөлімдерімен,атқаратын қызметтер түрімен,қауіпсіздік ережелерімен,мекеменің ішкі тәртібімен танысу.Сонымен қатар болашақ мамандығым бойынша тәжірибе жинай отырып жақсы маман болып қалыптасу.Кафедрада алынған теориялық білімді тәжірибе кезінде қолдану іс-жүзінде көре отырып әрі қарай дамыту.Жолаушы тасымалының қыр-сырларын білу.Жолаушы тасымалдау ережелері мен қауіпсіздігімен танысу.Диспетчерлік басқару жұмыстары жайлы толық ақпарат алу.Көлікті пайдалану,жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру тәсілдерімен танысу.
Өндірістік тәжірибе өткен жері: ЖШС “Қызылорда Автобус паркі ”
Өткізілген уақыты: 11.03.2024-03.05.2024
Мақсаты:Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау,еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау,қауіпсіздік ережелерін,жетекшінің тапсырмаларын орындау.Мекеменіңқұрылысымен,бөлімдерімен,атқаратын қызметтерімен.
Болашақ мамандың бойынша тәжірибе жинау,кафедрада алынған теориялық білімді қолдану.Жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру,жолаушы ағынын зерттеу,жолаушы айналымын есептеу және жолаушы тасымалдау ережелерімен танысу.Өндірістік практиканың мақсаты оқытылған пәндер бойынша білімді тәжірибе кезінде қолдану,іс-жүзінде орындау.Тәжірибелік дағды мен машықты қалыптастыру,білікті маман ретінде қалыптасу.[pic 1]
ЖШС “Қызылорда Автобус паркінің ” жалпы сипаттамасы
Тарихы
2013 жылдың тамыз айында басқарушы компания Тасбөгет кентінде құрылды.Компания атауы ЖШС “Қызылорда Автобус паркі (Байқоңыр СПК ҰК АҚ еншілес кәсіпорны).Қойылған міндеттерді орындау үшін Қызылорда облысының басшысы өзара тиімді ынтымақтастық шарттарында шетелдік инвесторлармен алдын ала үлкен жұмыс жүргізді және 2013 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысының әкімдігі мен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қызылорда қаласында автобус паркін құру бойынша кредиттік шартқа және жобалық қолдау туралы шартқа қол қойылды.
Автобустардың саны
2013 жылы Қызылорда қаласындағы жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында құрылған.
2023 жылдың мамырына қарай паркте 285 автобус бар:
- ZhongTong 2013 жылы – 20 бірлік;
- ЧжунТонг 2015-2016 жылдары – 92 бірлік;
- PAZV 2017 - 10 дана;
- ZhongTong 2020 жылы - 13 бірлік;
- YouTong 2022 - 150 бірлік.
Автобус депосының ғимараты
«Қызылордада автобус паркін құру» жобасы – Қызылорда облысы әкімдігі мен ЕҚДБ бірлескен алғашқы жобасы және өңір үшін өте өзекті. Қазақстандық «ЭКСПО-2017» қарсаңында – бұл Қызылорда облысының «жасыл» энергетиканы дамытуға қосқан үлесі және экологиялық жағдай мен халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырды.
...