Отчет по практике в ЖШС « BTK Group »
Автор: NurbekA • Март 4, 2019 • Отчет по практике • 2,541 Слов (11 Страниц) • 599 Просмотры
Кіріспе
"Құрылыс материалдары" пәні инженер-құрылысшыларды даярлауда негізгі пән болып табылады. Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен олардың қасиеті туралы жан-жақты білімсіз жобалап тұрғызу мүмкін емес.
Олай болса, материалдардың қолданылуы бойынша жіктелуін, қасиеттеріне сай құрылыста қолданылуын білу, үйлердің пайдалану жағдайына байланысты көп материалдар ішінен керектісін таңдай білу немесе бар материал мен бұйымдарды түрлі тәсілдерді қолдана отырып, пайдалана білу, инженер – технолог, инженер- құрылыс мамандарына өте қажет, себебі тұрғызылған үйдің , ғимараттың сапасын төмендетпеу, тиімділігі мен мәңгілігін қамтамасыз ету мамандардың біліміне байланысты.Сондықтанда жыл сайын бізді оқу-таныстыру практикасына жіберіп отырады.Біз онда барып зауыт жұмыстарының қалай жүргізілетінін,шығарылатын өнімдер мен өндіріс технологияларымен танысамыз.
Қазіргі нарықтық заманда жоғары сапалы құрылыс материалдары мен бұйымдары индустриясын күшейту өзекті мақсат. Осы мақсатпен өндіріс процессін жан жақты механикалау және автоматикалау, ғылыми және техникалық жаңалықтарды кеңінен өндіріс салаларына енгізу құрылыс материалдар өнеркәсібінің тиімділігін асыруда және салынатын құрылыстың сапасын жақсартуда кепілдік әрекет екені даусыз. Мәселен, қабырға материалдары комбирнатында автоматты технологиялық жолында тек еңбек өнімін асыру ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар санын 8-10 есе азайту мүмкіншілігін туғызады. Тіпті , кейбір жеке операцияны автоматтандырудың өзі , едәуір экономикалық нәтиже береді. Соңғы 40-50 жылдардың ішінде көптеген академиялық ғылыми зерттеу институттарында және жоғарғы оқу орындарында жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары, жыл сайынғы ғылыми техникалық конференциялар, халықаралық және ұлттық конгресстер, сонымен қатар , іс жүзіндегі өндірістік жетістіктер, басылып шығарылатын ғалым зерттеушілердің еңбектері әрбір құрылыс материалын тереңірек танып, олардың құрылыстық техникалық қасиеттерін жетілдіруге ұйытқы болды. Қазір де біздің республикамызда дағдылы және жаңа құрылыс материалдары мен бұйымдарын зерттеу және сапаларын жақсарту әрекеттері жүргізілуде.
Қазіргі құрылыс нысандарын дамыту барысы құрылыс материалдарын өндіретін зауыттарымен тығыз байланысты болып келеді.Ал бүгін біз қарастыратын,мен өндірістік практикадан екі ай уақыт көлемінде тәжірибеден өткен ЖШС « BTK Group » зауыты болып табылады.
1. ЖШС « BTK Group » сипаттамасы
« BTK Group » зауытының тарихы 2015 жылы басталды. Осы уақыт ішінде зауыт көлемі де,өндіріс саны мен сапасы да өсті, ол қазір Алматы облысында құрылыс саласының дамуына белсенді түрде әсер етеді. Зауыттың миссиясы: «Біз адамдарға заманауи және тартымды жылжымайтын мүлік құрылысы арқылы өмір сүру жағдайларын жақсарту арқылы өмір сүру үшін жаңа мүмкіндіктер табуға көмектесеміз». Зауыт жұмысын жаңа бастаған кезде 15-20 жұмысшы күшімен бастаған болса,қазіргі кезде 50-ге жуық жұмысшы күшін қамтиды.Кәсіпорынның өндірістік базасына мыналар кіреді:
Қызыл кірпіш өндіру цехы; Темірбетонды конструкцияларын өндіру цехы;
Теплоблок жасап шығару цехы; Өндірістік зертхана.
Зауыт табысының сыры - адамдардың дұрыс орналасуы және жұмысты орындау тәртібі. « BTK Group » зауытының саясатының негізі тұтынушылардың қажеттіліктері мен тілектерін, олардың кәсіби ерекшеліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Тауарлар мен қызметтердің тамаша сапасы кепілдігі. Кәсіпқойлық, бәсекелестіктегі мақсаттарға жету факторы ретінде. Зауыт өнімін сатып алған клиенттермен сенімді қарым-қатынас. Жеткізушілермен серіктестік - бұл кәсіпорынның
...