Көліктің пайда болуы және оның мемлекетік мәні
Автор: abayayazbek • Май 2, 2023 • Лекция • 1,598 Слов (7 Страниц) • 165 Просмотры
№1 дәріс тақырыбы: Көліктің пайда болуы және оның мемлекетік мәні
Дәріс жоспары
- Көліктің пайда болуына және дамуына қысқаша тарихи шолу
2. Өндірістің көліктің дамуына тигізген ықпалы
3. Көліктің мемлекеттік мәні
Көліктің пайдда болуына және дамуына қысқаша тарихи шолу
Барлық уақытта және барлық халықта көлік үлкен рөлге ие болған. Қазіргі кезде оның мәні тіптен жоғары. Кез келген мемлекеттің өмір сүруі қуатты көліксіз мүмкін емес.
Адам қоғамының тарихы көлік дамуының тарихынан ажыратылмайды. Азық-түлікті өндіру, сонымен бірге қандай да бір іс- әрекетті көлік тасымалынсыз іске асыру мүмкін.
Алғашқы тұрмыстық қауым кезінде тасымалдау қажет-тіліктерін қанағаттандыру үшін адам қарапайым құралдарды қолданған. Еңбек құралдарын, жануар және өсімдік тағамдарын, киім мен үйлерді жасау үшін материалдарын алғашқы кездері адамдар өздері көтеріп немесе сүйреп тасыған. Жануарларды үйретіп, өсіріп баққаннан кейін ғана оларды жүктер мен адамдарды тасымалдауға қолдана бастады.
Құл иеленушілік кезінде көлік құралдарын кеңейтуге және жетілдіруге жаңа әлеуметтік талпыныстар пайда болды. Үй жануарларының үйірін көбейту, металдарды алу және өңдеудің әдістерін ашу өнімділіктің жоғарлауына, сонымен бірге еңбектің қоғамдық бөлінуіне алып келді. Айырбастаудың пайда болуы нәтижесінде көлік қарқынды дамыды.
Жеке меншіктің және адамдық топтарға бөлінуі пайда болғаннан кейін мемлекет дами бастады, ал мемлекет тарапынан көлікке деген талаптар тіптен жоғарлады. Кең аймақтарға адамдарды қоныстандыру, қалалардың құрылысы, сауда мен айырбастың кеңеюі, жаулап алу және қорғаныс соғыстары – мұның барлығы су көлігінің жылдам дамуына алып келді.
Теңіз флотымен бірге барлық ежелгі өркениеттердің дамуы үшін ірі өзендік артерияларда өте маңызды еді. Адам қоғамының одан әрі дамуына құрғақ жолды көліктер үлкен рөл атқарды.
Елді мекендер, қалалар және мемлекеттер арасындағы маңызды байланыстарда табиғи керуендік жолдар пайда бола бастады. Одан кейін ауыр жүктерді ірі жануарлардың сүйреуі мен жылжытып тасымалдауы пайда болды. Одан кейінірек ауыр жүктерді тасымалдау кезінде сырғанауды қолдану тасымалдауды едәуір жеңілдетті. Осыдан дөңгелекті арбаларды жасауға бір қадам жылжыды. Дөңгелектер идеясы адамзаттың ұлы өнертабысы екендігін мойындаған дұрыс, себебі, біріншіден табиғатта дөңгелектің аналогы (ұқсас) жоқ, екіншіден дөңгелектік экипаж адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етуде және қазіргі жер үсті көліктерінің барлық түрлерінің негізі болып қалды.
Келесі қадамда теңіз көлігінің дамуында жасанды жер үсті жолдарын салу еді.
Құл иеленушіліктің орнына келген феодализм материалдық өндірістің және көліктің дамуы үшін жаңа жағдайлар құрды. Өндірістік күштердің өсуімен бірге еңбектің қоғамдық бөлінуі күшейді және белгілі бір кезеңде үкімет пен әкімшіліктің қала –бекіністері және қала – орталықтарының орнына қолөнер және сауда қала орталықтары өсе бастады.
Шикізат пен минералдарды өндіруді кеңейту, техниканы жақсарту, қолөнер өнімдері түрлерінің және көлемдерінің көбеюі, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы, әсіресе тауарлық өндірістің пайда болуы өндірістік қажеттіліктер және ішкі сауда үшін, сонымен бірге сыртқы сауда үшін көліктің маңызын жоғарлатты. Осыған байланысты көптеген елдерде желістер бойынша тасымалдау көлемдері арта бастады және теңіздік, өзендік байланыстарды, сонымен бірге қатынастың жасанды жолдарын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Феодолизм кезіндегі көліктердің дамуының ынталандыратын жағдайларымен бірге бұл процесті тоқтататын факторлар да пайда болды, олардың ішіндегі ең бастысы – жерге феодалдық жеке меншіктілік.
Еуропадағы капиталистік қатынастардың пайда болу процесі XV-XVI ғ.ғ. жаңа елдер мен жаңа сауда жолдарының ашылуымен жеделдетілген еді. Осы кезде Африканы, Азияны және Американы отарлаудың басталған кезі еді. «Өнеркәсіптік төңкеріліс» деп аталған Еуропаның көптеген елдеріндегі XVIII ғасырдың екінші жартысындағы болған техникалық төңкеріс өндіріспен сауданың өсу қарқындылығына үлкен әсер етті, әсіресе машиналарды машиналар көмегімен өндіру игерілген кезде.
...