Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әдет-ғұрыптарының қалыптасуы

Автор:   •  Октябрь 23, 2018  •  Курсовая работа  •  9,910 Слов (40 Страниц)  •  436 Просмотры

Страница 1 из 40

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша көптеген мәселелер қатары зерттеліп, жарық көрсе де, еліміздің тарихының әлі де болса, жете қарастыратын қалтарыстары баршылық. Ежелгі түркі елі, түрік жұртының тарихи тамырын тереңнен алатын бейне бір бәйтерек іспетті. Егемендікке қол жеткізгенге дейін түрік халықтарының  тарихы, негізінен біртұтас қарастырылмады. Қазіргі уақытта түрік халықтарының тарихына, олардың қалыптасуы мен дамуына мән беріліп отыр. Себебі түрік тайпаларының тарихы қазақ елі тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі рас. Осы орайда Қазақстан территориясын мекен еткен ежелгі түркі тайпаларының тұрмысы мен тіршілігін, өмір салтын және мәдениетін зерттей түсу қажет.

   Бүгінгі қазақ халқы өзінің өсіп-өнуін алғашқы қауымдық құрлыстағы ру-тайпалардан басталғандығын ешбір жоққа шығаруына болмайды. Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне замандағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет болып отыр. Яғни, адамдардың тіршілік әрекетінен қалған заттарды зерделей келе, археология ғылымы өткен тарихымыз турасында мәліметтер тобын беріп отыр. Осы мәліметтер туралы ежелгі еліміздің территориясында орналасып, кейіннен қазақ елінің тайпаларының құрамында кездесетін тайпалар тобы да кездестіріп отыр. Олардың тұрмыс-тіршілігі арқылы қалдырылған мұралары өте құны ерекндігі белгілі.

Түріктер өз заманында ірі елге айнала отырып, мол мұралар қалдыра білді. Тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының ескерткіштері кейінгі ұрпаққа беріліп, көркемдігімен көзге түсіті. Жерімізде Отырар, Исфиджап, Түркістан, Сығанақ, Жент, Баршыкент, Тараз, Баласағұн секілді бірнеше мәдени, әдеби, рухани орталықтар болғаны айтылмай қалды. Ал, соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары тек бір ғана Отырардың өзінен X-XVI-шы ғасырларда Әбу Насыр әл-Фарабиден басқа ғылымның сан салалары бойынша терең де ойлы шығармалар қалдырған 17 ғұлама шыққанын көрсетіп отыр.Бұл мұралардың әр қайсысы түркі тайпаларының тұрмысы, әдет-ғұрпы туралы мол мәліметтер берумен ерекшеленеді.

Бірақ, ұзақ уақыт бойы біз құнды мәдени жәдігерлерімізден айырылып қалдық. Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының әлемнің түпкір-түпкіріне тарап кеткен мұраларымыздың әуелі көшірмелерін алдыртып, аудартып, хрестоматиялап құрастырып, жариялау мен кешенді зерттеулер жұмысы басталды.

Осы орайда түркі тайпаларының тұрмысы мен әдет-ғұрпына қатысты да құжаттар тобы молынан анықталып отыр. Олардың тұрмысы, әдет-ғұрпы туралы мәліметтер ала отырып, бүгінгі таңдағы түркі тілді халықтар мәдениеті арасынағы өзара ұқсастықтардың бар екендігін де жоққа шығара алаймы. Тақырыптың өзектілігі сонда, түркі тайрпаларының өмір салты мен тұрмысы туралы зертеу, оны салыстырмалы түрде нақтылай түсу  болып табылады.

Зерттеу жұмысының деректік негіздерін жалпы көне түріктердің тарихына, мәдениетіне қатысты  жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер құрайды. Жазба деректердің негізі тобы Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ, қытай, араб-парсы және түркі тіліндегі жазба ескерткіштері де негізгі жазба деректер болып табылады. Қытай деректерін Н.Я. Бичурин, Н.В. Кюнер және соңғы жылдары қазақ тіліндегі аудармалары арқылы пайдалансақ, араб-парсы деректерінің бір тобын, атап айтсақ, Әбу Дулаф, Гардизи, Ибн әл-Асир, Ибн әл-Факих, Ибн Хаукаль, Ибн Хордадбек, Әл-Идриси, Истахри, Әл-Йакуби еңбектерін С.Л. Волиннің жариялауымен пайдаландық. Ортағасырлық саяхатшы А.Фадланның жазбаларында түркілердің діні, олардың арасында исламның таралуы жайлы құнды мәліметтер бар.    

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Көне түркілердің тұрмыс мен діни наным-сенімдеріне қатысты мәселелерді талдай отырып, мәселенің толық мазмұнын ашу негізгі жұмыстың мақсаты болып отыр. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер тобы ұсынылып отыр:

- Түркі тайпаларының әдет-ғұрыптарының қалыптасу тариыхна тоқталу;

- діни-наным сенімдеріне қатысты, жерлеу рәсімдеріне қатысты дәстүрлермен түрлі іс-әрекеттер барысын нақтылау;

- Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзақарастары мен құндылықтар жайлы түсініктерінің мәнін ашу;

...

Скачать:   txt (136.1 Kb)   pdf (378 Kb)   docx (54.5 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club