Жинақтау жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
Автор: KUKKA • Ноябрь 24, 2021 • Реферат • 5,172 Слов (21 Страниц) • 385 Просмотры
4 Жинақтау жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы
Бұл бөлімде Семей қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінің жылыту қазандығының жинақтау жұмыстарын өндіру бойынша іс-шаралар жасалған.
Жинақтау жұмыстарының тізіміне кіреді:
- Cib Unigas P72 AB аралас жанарғылы қазандық агрегаттарын жинақтау;
- Қазандық агрегаттарының газ жүрістері мен түтін құбырларын жинақтау;
- «Гейзер» су дайындау жабдығының блогын жинақтау;
- Жылуалмасу құрылғыларын жинақтау;
- Сораптарды жинақтау;
- Құбырөткізгіштерді жинақтау;
- Жабушы-реттеуші арматурасын жинақтау;
- Қазандық жабдығының жұмысын басқару блогын жинақтау.
Жабдықтарды жинақтау бойынша жұмыстар басына келесідей жұмыстар жүргізілуі тиіс: техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша іс-шаралар орындалуы тиіс; қазандық бөлмесі онда барлық жабдықтарды жинақтау үшін дайындалуы тиіс; қазандық агрегаттарын орнату үшін іргетас дайындалуы тиіс.
4.1 Қазандық агрегаттарын жинақтау
Ferroli PREXTHERM RSW 1060 келесідей кешенде қойылады: есікпен, оқшаулануы мен қаптамасы орнатылған түтін коллекторымен. Басқару панелі мен жанарғы ұясын жинақтау үшін қажет тығыздағыш шнур жану камерасынынң ішіне орналастырылады. Басқару панелі картон жәшікте әкелінеді және жану камерасының ішінде болады.
Ferroli PREXTHERM RSW 1060 қазандығы түсіруге арналған рым-болттармен жабдықталған. Түсіру алдында қолданылатын ілу құралдары көтерілетін жүктің салмағына сәйкетігіне көз жеткізу қажет. Қазандықты орнату алдында бекіту винттерін ұрап алу жолымен аған табандықтарды алып тастау қажет (4.1-сурет).
[pic 1]
4.1-сурет.
Түсіруге арналған рым-болттарымен жабдықталған Ferroli PREXTHERM RSW 1060 қазандығы.
Ferroli PREXTHERM RSW 1060 қазандығы тек қана техникалық мөлшерлер мен қолданыстағы ережелерді қадағалау кезінде сәйкес желдету ойықтарымен жарақталған, және де қазандықты орнатуға арналған мақсаттағы бөлмеде ғана орнатыла алады. Желдету ойықтары тұрақты, тікелей сыртқа шығатын болуы тиіс және бір уақытта қазандықтың төменгі мен жоғары жақтарында қолданыстағы стандарттармен сәйкестікте орналасуы қажет. Желдету ойықтарының, отын берудің, күштік тізбектің және жарықтандыру желісінің орналасуы қолданыстағы мөлшерлерге сәйкес болуы тиіс және пайдаланатын отын типтеріне жауап беруі қажет. Газ жүрістерінің жүйесін тазалауды жеңілдету үшін, қазандық алдында қазандық корпусының ұзындығынан кем емес бос кеңістік қалдырылуы тиіс, алайда, кез-келген жағдайда 1300 мм кем болмауы қажет, және де келесі шарт орындалуы қажет, 90° ашылған есік пен көршілес қабырға арасындағы арақашықтық жанарғы ұзындығынан кем болмауы тиіс. Қазандықты орнату алаңшасы көлденең болуы қажет. Қазандық салмағы мен судың толық көлеміне шыдай алатындай жазық бетон іргетасты пайдалану қажет.
4.2 Алдыңғы есікті ашу мен реттеу
Ferroli PREXTHERM RSW 1060 қазандықтары модельдері үшін есіктер 4.2-суретте көрсетілгендей ілінеді, бекітіледі және ашу үшін бұрылады.
Бұл кезде келесідей әрекеттерді орындау қажет:
- есік ашылатын жақтағы гайкаларды бұрап алу (8-позициясы) және есікті ашу;
- есік ашылатын жақтағы гайкаларды бекітіп бұрау (8-позиция);
- контргайка (қазандық жабдықтарымен қойылатын) 8-поз. олардың толық тартылуын бақылай отырып бұрау ;
- ілмектер ретінде қолданылатын жаққа қарама-қарсы жақтағы гайкаларды бұарап алу (7-позиция);
- есікті ашу және гайкаларды бұрап алу (6-позиция);
- гайкалар жұбын пайдалана отырып есікті жабі (7-позиция).
[pic 2]
4.2-сурет Алдыңғы есікті ашу және реттеу
...