Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоспардың тұжырымдамасы

Автор:   •  Июнь 20, 2018  •  Реферат  •  1,693 Слов (7 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 7

          Резюме

    Жоспардың тұжырымдамасы  Астана қаласында би студиясын     ашып жастарды биге үйретуді қарастырады.

Жоспардың мақсаты:

  • Инвестициялық қаржыны биге оқытуда ұтымды пайдалану
  • Би үйрену барысында сапалы қызметтердің халықтың көңілінен шығуы

Студия қызметінің түрлері:

  • Топтық дайындық сабақтар
  • Жеке дайындық сабақтар
  • Корпоративтік номерлер ұйымдастыру
  • Би залын жалға беру
  • Асхана қызметі

    Студия қызметінің мақсаты мәдениет пен спорт әлемінде кәсіби әрі сапалы қызмет көрсету болып табылады,негізінен би қызметі.

     Студия жоспарлаған мақсатты тобы Астана тұргындарынан,кішкентай балалардан, тіпті егде жастағы адамдардан тұрады.

Экономикалық тұргыдан қарағанда жоба мына жағдайларға ықпал етеді:

  • Мәдениет саласында сапалы қызмет көрсету
  • Астана қаласының жалпы өңірлік өнімін арттыру
  • Астана қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да әлеуметтік аударымдардың енуі
  • Балаларды би өнеріне тарту
  • Халықтың жақсы физикалық формасын сақтап,салауатты өмір салтын ұстау
  • Мәдениет пен спорт саласында жоғары сапалы және кәсіби қызмет арқылы халықтың сұранысын қанағаттандыру

Жобаны қаржыландыру жеке капитал мен несие арқылы жүзеге асыру жоспарлануда

Қаржыландыру көзі

Соммасы,мың.тг

Үлес

Жеке капиталдан

920

65%

Несиеден

500

35%

       Жалпы

1420

100%

Жобаның жалпы қаржылық шығындары

Қажетті қаржы

Сомасы,мың.тг

Үлес

Негізгі қор

920

61%

Айнымалы қор

580

39%

Жалпы

1500

100%

       Келесідей несие шарттары қабылданбақ

Несие параметрлері

Мағынасы

Несие валютасы

теңге

Пайыздық мөлшерлеме,ай

12%

Өтем уақыты

5.0

Пайыздық және негізгі қарызды өтеу

Ай сайын

Өтеу түрі

аннуитет

Пайыздық мөлшерлеменің жеңілдік кезеңі,күн

30

Негізгі қарыздық мөлшерлеменің жеңілдік кезеңі,күн

60

                                  Кіріспе

      Қазақстанда би перспективалы бизнес ретінде бірнеше жыл бұрын сальса, аргентиналық танго мектептерін ашумен басталды.Нарық ұдайы жаңарып отырды.Жыл сайын 3-4 мектеп ашылуымен қатар,кейбіреуі жабылып жатты.Астана мен Алматы қаласында би үйрететін ммектеп,клуб,студиялар саны 100-ден асты.Танымал интернет-форумдардағы биге арналған кең көлемді сілтемелерге қарасаңыз болды.Бірақ та бимен қатар қосымша йога, фитнес, пилатес қызметін ұсынатын студиялар кем де кем.

   Жалпы тұтыну сұранысына сай би нарығында негізгі үш сегментті қарастыруға болады: жарыстарға қатысуға болатын спорттық би түрі,демалу және әлеуметтену хоббиі мақсатында,сонымен қатар жақсы дене бітімін сақтау әрі артық калориядан арылу яғни фитнес ретінде. Біздің ашқалы отырған би студиямыз екінші сегментпен,демалу мен әлеуметтену мақсатындағы хоббиға сай келеді.

         Жоба тұжырымдамасы

  Жоба тұжырымдамасы Астана қаласында би студиясын ашу мен би үйрену мәселелерін қамтамасыз етеді.Студияның мақсаты мәдениет саласындағы жоғары сапалы және кәсіби қызметтер көрсету,атап айтқанда,би қызметтері арқылы қатысушының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.Жоба аясында 500шаршы метр үй-жайын жалға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр .Би үйретудің бірнеше бағыттары жоспарлануда:

  • Еуропалық  бағдарлама (бал билері,вальс,танго,фокстрот)
  • Латын бағдарламасы(Самба,гага,румба,ча-ча-ча,джайв)
  • Әлеуметтік би
  • Кариб бағдарламасы(сальса,бачата,меренга,ламбада)
  • Аргентиналық танго

     Қызметке той билерін қою да кіретін болады.Тұтынушының таңдауына қарай басқа бағыттағы бірлескен номерлер де қойылуы мүмкін.Бұл бизнес-жоспар іске басшылық жасауға нақты нұсқау емес,тек мұндай бизнес-ойдың дамуының шамалық мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан нағыз жобаның іске асуы барысында бастапқы параметрлер өзгеруі мүмкін.Жоспарланған қызметтегі бәсекелестік артықшылықтарын егжей-тегжейлі ашу қажет, оған қоса алынған құрал-жабдықтардың ерекше өгешеліктерін анықтау.

...

Скачать:   txt (25.7 Kb)   pdf (609.2 Kb)   docx (426.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club