Электромагниттік көтергіш қондырғыдағы тоқ шамасын тұрақтандыру және реттеу жүйесін өңдеу
Автор: Balausa22 • Январь 30, 2019 • Доклад • 444 Слов (2 Страниц) • 649 Просмотры
Сәләматсыздар ма құрметті аттестациялау коммисия мүшелері және төраға.Сәздерге ұсынылап отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы - «Электромагниттік көтергіш қондырғыдағы тоқ шамасын тұрақтандыру және реттеу жүйесін өңдеу».
Тау-кен өндіру саласы қоғамдық өндірісте, экономикалық маңыздылығы (республика бюджетіне түсетін қордың 50% ), қорғаныстық және әлеуметтік факторлар бойынша маңызды рөл атқарады. Сондықтан мемлекет даму келешегі тау-кен өндірісінің шыңдалуымен және олардың экономикалық тиімді жұмыс жасауына байланысты.
Тау-кен өндірісі саласының экономикалық көрсеткіштерінің сараптамасы соңғы 10-15 жылда пайдалы қазбаларды өндірудің өзіндік құны бірнеше есеге өскендігін көрсетті.
Тау жыныстарын көтеруге арналған транспорттық құралдардың сараптамасы мен шолу жасау кезінде қазіргі таңда шахталарда көбіне скиптік бір немесе көп арқанда көтергіштер қолданатындылығы анықталды. ( № 2 слайдты көрсету.).
Шахталы арқанды көтергіш көрсеткіштерінің тереңдігі жоғарлаған сайын негізінде жүккөтергіштіктің ұлғаюы есебінен көтергіш ыдысты алуға болады. Бір реттіқұрылғылардың көтергіш ыдыстарының жүккөтергіштігінің ұлғаюы үлкен тереңдіктегі шахталар үшін көтеру критикалық биіктігімен шектеледі. Ол кезде көтергіш арқанның беріктік қоры жоғары қиындысында жұмыс істеу қауіпсіздігі жағынан мүскін емесү
Берілген мәселені шешу үшін электромагниттегі көтергіш құрылғыны қолдану арқылы шешуге болады. Біз азғантай электромагнитті қолдана отырып көтергіш құрылғының макетін құрастырдық. Оның көрінісі келесі № 3 слайдта көрсетілген.
Электромагниттер электронды машиналардың, автоматты өндірістің көптеген құрылғыларында реттеу аппараттарын және әртүрлі электротехникалық қондырғыны қорғау ажырағысыз бөлігі болып табылатындығын айта кеткен жөн.
Дипломдық жұмыстың (ДЖ) мақсаты электромагнитті көтергіш қондырғысында тоқ шамасын реттеу және тұрақтандыру сұлбасын құрастыру болып табылады.
КОМПАС 3D ортасын қолдана отырып, электромагнитті көтергіш қондырғысының үшөлшемді үлгісі құрастырылды. Ол № 5 слайдта көрсетілген. Берілген суреттен көтергіш қондырғының негізгі элементі электромагниттер мен тұрақты магниттер екендігін көруге болады. көтерілетін жүктің орнын тиянақты ауыстыру үшін автоматтық режимді бақылаған жөн және сол уақыт аралығында әрбір электромагнитегі тоқ шамасын реттеп отыру керек.
№ 6 слайдта құрылғының электрондық бөлігінің блок-схемасы көрсетілген. Блокты орталықтан микроконтроллер басқарады. Магнит өрісінің датчиктары ретінде қозғалмалы біз скипте бекітілген Холл датчиктарын қолданамыз. Егер скип көлденең орнынан жылжып кететін болса магнит өрісі индукциясының өзгерісін Холл датчигі арқылы реттейміз. Холл датчигынан дабыл микроконтроллерға түседі де одан күшейту блогына пәрмен беріледі.
...