Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

БАҚ туралы заң. Конспект жазу, талдау. Нақты мысалдар келтіре баяндау. Тұсаукесер жасау

Автор:   •  Октябрь 8, 2021  •  Реферат  •  1,497 Слов (6 Страниц)  •  688 Просмотры

Страница 1 из 6

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                       [pic 1]

 Факультет: Филология және әлем тілдері

 Кафедра: Қазақ тіл білімі

[pic 2]

Тақырыбы: БАҚ туралы заң. Конспект жазу, талдау. Нақты мысалдар келтіре  баяндау. Тұсаукесер жасау.  Бұрынғы және қазіргі заң салыстыру, талдау.[pic 3]

                                                             Орындаған:Кәрімбайқызы  Дана  Тексерген: Иманалиева  Ғазиза  Қ  

                                                     

                                                        2021 жыл

   Бұқаралық ақпарат түсінігі алғаш рет 1991 ж. 28 маусымындағы «Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақ КСР Заңында пайда болды. Заңда бұл ұғым көпшілікке таралатын басылымды, дыбыстық және дыбыстық-көрнекілік хабарламалар мен материалдар деген мағынаны білдіреді. Алайда бұл анықтама ең дұрысы болғанымен, ол еш өзгеріссіз 1999 жылы 23 шілдесінен БАҚ туралы әрекеттегі заңда да бар, мұнда бұқаралық ақпарат-адамдардың шектелмеген санына арналған басылған, дыбыстық-көрнекілік және басқа хабарламалар мен материалдар деп айтылған. Мысалы: Жоғарыда атап өткен бұқаралық ақпараттың ең маңызды қасиеті – жариялылық бұл әрекеттегі заңда ескерілмей қалған.

       ҚР Конститутциясында ақпарат құқығы туралы жанама түрде айтылады. ҚР Конститутциясында 20-баптың 2-тармағында әрбір адам ақпаратты кез келген, заң рұқсат еткен тәсіл мен ақпаратты еркін алып және таратуға құқылы деп айтылады. Ал ақпаратты еркін алып, тарату үшін ақпарат құқығына ие болу керек. Әрі қарай, ҚР Конститутциясының 18-бабының  3-тарауында: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір адамзатты оның құқықтары мен міндеттеріне қатысты құжаттар, шешімдер мен ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті» - деп жазылған. Берілген форма ақпарат құқығының жеке бастық аспкетісін қамтиды. Демек, негізгі заңда ақпарат құқығы қиылған сипатқа ие. ҚР Конститутциясында адамның бұқаралық ақпарат құқығы туралы мүлде айтылмайды.

   1999 жылдың 23 шілдесінде шыққан ҚР-ның бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы БАҚ-тың негізінен құқықтық мәртебесін анықтауға бағытталған. Дей тұрғанмен, бұл жерден заңнамада айтарлықтай жетіспеушілікті байқауға болады, себебі онда заң нормаларының басым бөлігі тұтасымен ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Заңда бұқаралық ақпарат құқығы түсінігі берілмеген. Сонымен қатар, қоғамдағы айналымдағы ақпараттың басым бөлігі, бұқаралық ақпаратқа қатысты екендігіне қарамастан, бұқаралық ақпарат құқығының түсінігін анықтау айтарлықтай ғылыми және тәрбиелік құндылыққа ие. Ақпараттық құқық институтының құрылуы қалыптасып келе жатқан ақпараттық және азаматтық құрылымында бұқаралық ақпарат құралдары ерекше орын алатын жағдайда айтарлықтай өзекті.    

     БАҚ-тың сенімді конституциялық құқықтық мәртебесі негізінің болмауы, бұқаралық ақпарат құқықтары БАҚ туралы қолданыстағы заңға конституциялық емес түзетулер енгізуге де жекелей алғанда, БАҚ бақылауды қатайту туралы 4-5 баптарына түзетулер енгізілді. Түзетулер БАҚ қызметін жоспарлы, жоспардан тыс және рейдтік тексерістер жүргізу мүмкіндігін қарастырады. Айта  кетерлік, «рейд» сөзі ағылшын тілінде «тұзақ» деген мағынаға ие. Заңда мұндай дұрыс емес түсініктің болуы біздің қоғамдық өмірімізде жол бермейтін құбылыс деп ойлаймыз.

Кейінгі қабылданған нормативтік құқықтық актілерден үзінді.

    Ақпараттық бағыттағы буклет қалың оқырман қауымға, ең алдымен журналистер үшін әзірленген. Бір жағынан сот тақырыбында маманданып жүрген журналистерді сот төрелігіне қолжетімділік мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық база туралы мәліметтермен қамтамасыз ету, екінші жағынан азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуде жариялылық приницпін қамтамасыз етуге кепілдік берілгені жөнінде барлығының назарына салу үшін  дайындалған. Сот талқылауы барысын БАҚ-та жариялауға байланысты мәселелерге көңіл бөлінеді. Бұл мәліметтер журналистерге сот процестерін жарыққа шығару кезінде заңдық шектеулерді сақтауына және өздерінің кәсіби құқықтарын қорғауына мүмкіндік береді, ең бастысы судьялар мен журналистердің арасында өзара түсіністің орнауына септігін тигізеді.

...

Скачать:   txt (17.7 Kb)   pdf (202.8 Kb)   docx (60.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club