Қазақ газетінің шыға бастауы
Автор: Ayssaram • Октябрь 22, 2020 • Курсовая работа • 8,409 Слов (34 Страниц) • 664 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет институты
Қазақ филология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Қазақ газетінің шыға бастауы»
5В050400 Күндізгі бөлім, ҚЖ-15
Автор: Шалабаева А.Қ, [pic 1]
(аты-жөні) (қолы, күні)
Жетекші: Тайшыбай З.С.[pic 2]
(аты-жөні) (қолы, күні)
Петропавл
2015 жыл
Мазмұны:
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
2. Қазақ газетінің шығу тарихы.................................................................................4
2.1 Қазақ баспасөзінің шығу тарихы.........................................................................4
2.2 «Қазақ» газетінің дүниеге келуі және оның көсемсөзшілері............................9
2.3 «Қазақ» газетінің бетінде жарияланған мақалалар мен еңбектер...................12
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығы: Бұл курстық жұмыстың өзектілігі қазақ баспасөзінің шығу тарихын және қалыптасуына толық сипаттама береді. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды.
Курстық жұмыста сол кезеңдегі қазақ баспасөзінің атқарған қызметтері, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы жөнінде тарихи тұрғыда қаралып, мәлімет беріледі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақ баспасөзінің түпкі тамырын, оның қалыптасуын, алғышқы жазушылары жайында толық әрі сапалы мәлімет беру. «Қазақ» газетінде көтерген мәселелерді дәлелдермен толық көрсету.
Курстық жұмыстың нысаны: «Қазақ» газетінің шыға бастауы.
Курстық жұмыстың дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Х. Бекхожин «Қазақ баспасөзінің тарихы», Исаев С. «Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы», Субханбердина У. «Дала уалаятының газеті» т.б.
Тақырыпты зерттеу әдістері: анықтамалар, зерттеу барысы, сипаттау, талдау тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы: келтірілген мысалдар студенттердің теориялық білімін ғана жетілдіріп қоймай, практикалық қабілетін де шыңдайды.
Жұмыстың құрылымы мен мазмұны: Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады: Қазақ баспасөзінің шығу тарихы мен «Қазақ» газетінің дүниеге келуі және оның көсемсөзшілері.
- Қазақ газетінің шығу тарихы
2.1 Қазақ баспасөзінің шығу тарихы
Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Бір кереметі, қандай жағдайда да қоғамдық ойдың қозғаушы күші қызметін адал атқарып келеді. Оған тарих куә [1, 37 б.]. Ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі 19 – ғасырдың екінші жартысында “Түркістан уалаятының газеті”, “Дала уалаятының газеті” болып патшалы Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді. Бұл басылымдар отарлаушы елдің жыртысын жыртып, жырын жырлау мақсатында шығарылғанымен, шын мәнінде, сол шеңбермен тұйықталып қалмай, ұлтымыздың жоғын түгендеу бағытын да едәуір көп еңбек сіңірді. Халқымыздың саяси - әлеуметтік, әдеби, мәдени ой – пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген “Түркістан уалаяты газеті”, қазақ баспасөзінің көне бастаушы басылымы болып саналады. “Түркістан уалаятының газеті"(“Туркестанская туземная газета”) 1870 жылы Ташкент қаласында өзбек, қазақ тілдерінде шыға бастады. Газет о баста Түркістан генерал – губернаторының органы – “Туркестанские ведомости” газетіне қосымша ретінде жарық көрсе де көп ұзамай жеке газетке айналды. Бұл жалпы Орта Азия халықтарының тұңғыш газеті еді. Газет өзінің үкімет бекітіп берген бағдарламасы бойынша жергілікті халықтарға қатысты Түркістан генерал – губернаторы мен облыстық әскери губернатордың бұйрықтарын, сот орындарының шешімдері мен сауда хабарларын Ресей мен өзге мемлекеттердегі ірі – ірі оқиғаларды, шаруашылық жаңалықтарын жазып отырды. Алайда газет бара - бара өз бағдарламасынан едәуір тысқары шығып, қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиетіне қатысты материалдарды жиі жариялады [2, 89 б.]. Газет айына төрт рет, екі тілде (өзбек, қазақ) он үш жыл бойы үзбей шығып отырды. 1883 жылы Түркістан генерал – губернаторының бұйрығы бойынша, газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып, ол аптасына бір рет өзбек тілінде шығатын газетке айналды. Біраз уақыттан кейін, 1885 жылдан бастап газет өзбек және орыс тілдерінде шыға бастады. Жалпы бұл газет 47 жыл бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрды. Дегенмен, газет негізінде өзбек тілінде шыққанымен осы 1883 жылдан кейін де қазақ тіліндегі мақалалар мен қазақ елі жайындағы мағлұматтар жиі жарияланып тұрды. 19 – ғасырдың 60 – жылдарының орта кезінде Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуына байланысты газет бетінде қазақ елінің экономикасындағы прогрестік өзгерістер егіншілік пен отырықшылықтың бұрынғыдан гөрі дами бастауы жағдайындағы мағлұматтар көбірек орын алған. Солардың бірінде егін шаруашылғының пайдасы жөнінде айтылып келеді де, Жетісу облысының таулы жерлерінде егін өсірген Ларионов дегеннің тәжірибесі жергілікті халыққа үлгі ретінде ұсынылады. (1882. №8). Газет беттерінде қазақ елінің басқа елдермен қарым – қатынасы, экономикасын өркендетудегі темір жолдың рөлі, алғашқы телеграф сымын жүргізу, почта қатынастарын қалыптастыру жөніндегі мәліметтер аз емес. Газет халықаралық жағдайларға да үлкен көңіл бөліп, көлемді мақалалар жазып отырды. Соның бірінде Қытайда болған ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, олардың феодалдық және ұлттық езгіге шыдамай отанына қоныс аударып, Жетісу бойына көшіп келгені хабарланады. 1970 жылы болған Маңғыстау көтерілісі жайындағы деректер де назардан тыс қалмапты. Бір топ мақалалардың қазақ елінің тарихына, оның шыққан тегін ажыратып, ашуға арналғанын айта кеткен жөн. Үш жүздің құрамындағы тайпалар жайында айтылып келеді де бұл мақалаларда қазақ елінің шыққан тегі жөніндегі халық аузындағы аңыз-әңгімелер келтіреледі. 1875 жылғы 16 – санында жарияланған мақалада қазақ пен қырғыз елдерінің айырмашылығы туралы мағлұмат берілген. Қазақ елінің әдет – ғұрпы, салт - санасы туралы жазылған мақалаларда қызды қалың малға жас кезінен айттыру әдетінің зияны айтылыпты. 1877 жылғы 3 - санында Семей қаласынан жазылған хатта “Түркістан уалаяты газетінің” қазақтың зиялылары мен оқытушыларының білімін көтерудегі маңызы сөз етілген. Осы газеттің редакторы - Н.П.Остроумов “Түркістан уалаяты газетінің” Орта Азия халықтарының мәдени өміріндегі рөлі, Россия үшін Петр біріншінің “Ведомоствосымен” бірдей деген пікір айтқан. Қазақ баспасөзінің іргетасын қалаған «Түркістан уалаяты газетінің» соңын ала Орта Азия халықтарының тіліндегі газет – журналдар шыға бастады. Соның бірі «Дала уалаяты газеті» еді [2, 97 б.]. 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған «Акмолинские областные ведомости» газетінде қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген «Дала уалаятының газеті» халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс – тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден – бір басылым болды. Орыс тілінде «Особые прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен шыққан осы газет 1894 жылдан бастап орыс тілінде «Киргизская степная газета» деген атпен жарық көре бастады. Жалпы бұл газет 1888 жылдан бастап 1902 жылы наурыз айында басылып, содан кейін «Сельскохозяйственный листокқа» айналды. Газетте әр жылдары редактор болғандар: И.Козлов, К. Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров. Газетті қазақша шығару ісін басқарушылар: Еммұхамед Абылайханов, Дінмұхамет (Дінше) Сұлтанғазин, Рақымжан Дүйсенбаев. Өзінің бағдарламасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық – жарлықтарын, заң – закондарын, әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Сол кездегі басқа газеттер сияқты «Дала уалаяты газетінің» ресми және ресми емес бөлімдері болды. Соңғы бөлімінде көбінесе көпшілікке, пайдалы, ғылымға, білімге қатысты мақалалар жариялады. Бұл газет үкімет тарапынан шыққан ресми басылым болғанымен, бостандықты, теңдікті көксегені, прогресшіл көзқарастары үшін Сібірге жер аударылып келген адамдардың ықпалымен газетіне ұқсайтын еді. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт берген Г.Н.Потаниннің, Н.М.Ядринцивтің, Л.К.Чермактың ролі аса зор.
«Дала уалаятының газеті» басқа жергілікті газеттерге қарағанда, қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырған газет болды. Бұрынғы Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер – білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс халқының әдебиетімен таныстырды. Сондай – ақ газетте қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдары өздерінің мақала хабарларын жиі бастырды. Газет негізінде жергілікті отаршылдық - әкімшілдік орындардың ресми ұйымы болғанымен, халықты отаршылдыққа, мәдениетке шақырып тәрбиелеуде едәуір роль атқарды, қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады. Оның бетінде қазақ тілінде бұрын болғанмен қоғамдық – публицистикалық, ресми іс – қағаздарын жүргізу жөніндегі мақалалар жарияланды, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тәжірибесінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделінген қазақ жазбасында тұңғыш рет тыныс белгілері қолданылды [3, 65 б.]. Ұлттық баспасөздің қарлығаштарының бірі – «Дала уалаяты» газетінің дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уалаяты» газетінде басылған шығармаларда қазақ халқының әр кезеңіндегі өмірі, тұрмыс – тіршілігі, күрделі жағдайлар мен оқиғалар толық, тұтас қамтылғанымен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке- жеке суретері алғаш осы баспасөз бетінде жарияланып, ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің негізін қалауға көмектесті. «Дала уалаяты газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілер еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір – біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.
Газет қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси – экономикалық мәселелермен қатар оқу – ағарту ісінің жай – күйі, өнер – білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал – қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды. Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың, классик ақыны Абай Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық – саяси көзқарастарының қалыптасуына 19 - ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа әдебиеті мен мәдениеті ықпал етті. Газетте Ш.Уәлихановтың 60 жыл толуына арналып мақалалар берілді. Халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен дарындардың бірі – қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, жазушысы, жаңашыл Ыбырай Алтынсарин туралы да газет бетінде мақала – хабарлар жарияланып, оның өзі жазған өлеңдері де басылып тұрды. Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар қазақтың мерзімді басылымдарының алғашқы қарлығаштары туралы С.Исаев былай дейді: «…Әуелгі кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз тілі жазба әдеби тілдің өзіндік ерекшеліктері орныққан нормалары бар жүйелі тілдік өрнектерімен публицистикалық мазмұны сай сөз тігісімен сипатталатын тұрақты көрініс ретінде бірден қалыптасып кете алмады. Біздің байқауымызша, оның басты себебі, революциядан бұрынғы газет – журнал шығару ісінің тарихы онша терең, мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге сол мәселені, жалпы баспа ісінің қазақ қауымы үшін жаңалық болуымен, баспа ісінің көршілес татар, башқұрт, өзбек халықтары өкілдерімен тығыз қарым – қатынаста болуымен және маман да сауатты журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты» [3, 129 б.]. Ғалым – зерттеуші Б. Әбілқасымов алғашқы қазақ газеттерінің программасы жөнінде әңгіме қозғай келіп: «Ол программа бойынша газет жоғары ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық – жарлықтарымен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай – ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы туралы хабарларды таратуға тиісті болғанын тілге тиек етеді. Патша үкіметі сөз жүзінде осылай дей тұрса да, іс жүзінде қазақ халқын ағартуды тіпті де көксеген жоқ. Шын мәнінде оның көздегені – үкімет жарлықтарын ана тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындатуды қамтамасыз ету, жергілікті халықтарды басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриархалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу, сондай – ақ қазақтың өз тілін дамытып отырып, сол кездің өзінде «патша үкіметінің орыстандыру саясатына зиянын тигізе бастаған шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылық саясатын одан әрі күшейте беру мақсатын ұстады» – дейді. Жалпы қазақ газеттерінде жарияланған материалдардың маңызы мен мәнін ескеріп, халық санасын ояту үшін атқарған ағартушылық қызметін алуға болады.
Газет материалдарын іріктеп топтап, құрастырып, осы күнгі әліпбиге түсіріп, жарыққа шығарған зерттеуші Ү.Сұбханбердина 1905-1907 жылдары Ресейде болған революция дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші бір үлкен шоғыры дүниеге келгендігін айтады [4, 326 б.]. Олар: «Серке» – 1907 жыл, «Қазақ газеті» –1907 жыл, «Дала» «Қазақстан» –1911-1913 жылдар, «Ешім даласы» – 1913 жыл. Осы аталғандардың қатарына Ә.Бөкейханов сынды қайраткер азамат әр жылдары шығарып тұрған “Голос степи», «Омич» газеттерін де қосу керек екендігін айтады. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттерінің бірі – «Қазақстан». Алғаш Орда қаласында, одан араға алты ай салып, Орал қаласында қайтадан бірінші саннан бастап шығуы бұл газеттің көп қиындыққа душар болғанын көрсетеді. Оны шығаруда Ғ.Қарашев, Е.Бұйрин, Б.Қартаев, Ш.Бөкеев сынды қазақтың абзал азаматтары аянбай еңбек етті. «Қазақстанның» бірінші саны 1911 жылы наурыздың 16 - да Ғ.Қарашевтің «Газет деген не зат ?» атты мақаласымен ашылады. Оқу – ағарту, мектеп ашу, қазақ тіліндегі баспасөзді дамыту мәселелері газеттің әрбір санында әр түрлі қырынан қаралады. «Бакудегі қыздардың медрессесі», «Бұ қай заман?», «Жаңа өрнек», «Әдебиет таңы» тағы басқа мақалалар осыған куә. «Серке» газеті 1905-01907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. «Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып, Петербургте шығып тұрған. «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан. «Серке» газетінің шығуы туралыы 1911 жылы Мұхаметжан Сералиннің оқушыларға арнап жазған бір мақласында: «1907 жылы 2- мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың, ілтипатымен Петербургта «Серке», атты журнал шыға бастаған еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды”, - дейді. Бұл басылымдардан сәл кейін дүниеге келген «Қазақ» – 1913 – 1918 жылдар, «Алаш» – 1916-1917 жылдар, «Бірлік туы» – 1917 жыл, «Сарыарқа» – 1917-1918 жылдар, «Ұран» – 1917 жыл, «Үш жүз» – 1917 жыл, «Тіршілік» – 1917 жыл және тағы басқа газет – журналдар қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарғаныны байқауға болады [5, 97 б.]. Осылардың ішінен өз өрнегімен, өзіндік ой ерекшелігімен оқшау тұрған басылым – «Қазақ» газеті.
...