Қазақстанның адами капиталының жаңа жаңғыру бағыттары
Автор: aibala • Январь 23, 2019 • Статья • 661 Слов (3 Страниц) • 720 Просмотры
Қазақстанның адами капиталының жаңа жаңғыру бағыттары
Аңдатпа: Бұл мақалада төртінші өнеркәсіптік революцияның негізіндегі адам капиталының маңызы, мемлекетіміздің шарықтап дамуы үшін барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді көрсете отырып, жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістірудің маңызды екенін түсіндіру және «рухани жаңғырудың» мән-маңызы көрсетілген.
Кілттік сөздер: адами капитал, рухани жаңғыру,төртінші өнеркәсіптік революция, жаңартылған мазмұн.
Білім, ақпарат кез келген экономиканың басым бөлігіне айнала отырып, қоғамда зияткерлердің және шығармашыл тұлғалардың әлеуметтік тобының басым болуына жағдай тудырмақ. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Адами капитал – бұл инновациялардың және экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі қозғаушы күші.Адами ресурстардың саны мен сапасы кез келген елдің болашағын айқындайтын негіз құрушы факторлар болып табылады. Төртінші өнеркәсіптік революция тікелей адами капиталға арқа сүйейтін білімге негізделген экономиканы қажет етеді. Сондықтан да Н.Ә. Назарбаевтың «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді»-деп нықтап айтуында еліміздің болашағын баянды ету үшін қажетті бірден-бір шарт анықталып отыр.Өйткені, қазіргі дамыған елдер экономикасында білім беру саласы шикізаттан да көп пайда түсіріп отырғаны немесе озық әлемдік университеттердің кейбірінің жылдық бюджеті бір елдің жылдық бюджетімен пара-пар келіп отырғандығы да белгілі. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде.
Адами капиталдың өзегі-білім. Білім болашақ дамудың кепілі. Сондықтан да, Елбасы бұл басымдық бойынша білім беру жүйесінің рөлін өзгертуді меңзейді. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу - қай жағынан алғанда маңызды міндет. Мемлекет көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық» -деп айтқан болатын. Бұл жолдауда Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды. Жолдаудың негізгі міндеттерінің бірі «адами капитал - жаңғыру негізі» болатын. Болашаққа инвестициялар – Қазақстанның адами ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде арттыру үшін қажетті шараларды қамтитын болады. Адами капитал негізі мықтап қалану үшін мектеп жасынан басталатын тиянақты да жүйелі жұмыс қажет.Адами капитал сапасының басты көрсеткіші ұстаз бен болашақ ұрпақтың білім деңгейінен айқын аңғарылады.Мемлекеттің қуаттылығы халықтың білім деңгейі мен денсаулық жағдайына байланысты өлшенеді. Адами капиталдың сапасын арттырудың негізгі бастауы да білім беру ісінің негізінде жатқанына салмақты түрде назар аударуымыз керек. Бұл сапа көрсеткішінің артуы тікелей ұстаздар қызметімен байланысты екенін аңғартады.Мемлекет адами капиталды дамытуға арналған іс-әрекеттері:
...