Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Автор:   •  Ноябрь 28, 2021  •  Эссе  •  636 Слов (3 Страниц)  •  674 Просмотры

Страница 1 из 3

Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым!

                                                                                                                    Пайда ойлама,ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Абай

        Мына өмірге келген әрбір пенденің өмірлік мақсаты,шешімі болмақ.Менің өмірлік ұстанымым- балаларыма аяулы ана болумен қатар шәкірттеріме шынайы,нәрлі білім мен өнегелі тәлім-тәрбие беретін ұстаздық мамандықты ұштастыра қатар алып жүру.Бұл мамандық менің әкемнен, анамнан маған жалғасын тапқан енші десем артық айтқаным емес. Өйткені көзін ашқаннан ұстаз отбасында өскен баланың мұғалімдік жолды таңдауы-кездейсоқтық деуге келмейді.

      Өмірлік ұстанымым- таудай талапты, сабырлылықты, шеберлікті қажет ететін мамандық екенін ұғына отырып осы мамандық арқылы шәкірт жүрегінен орын ала, тәрбие мен білімнің нәрін беріп, жайқалған жасыл шынарға, дәні толық піскен егінге бидай сияқты  өмірде қоғамға пайдасы бар жақсы адам болып қалыптасуға жол сілтеу,қоғамға,еліміздің болашағына жаны ашитын жақсы азаматтар мен ибалы азаматшалардың қосылуына септігімді тигізу.

Мұғалім болу- шәкіртті өзіне шынайылығымен,көркем мінезімен, тапқырлық білімімен қатар қарапайымдылығымен тәнті ету.Ұстаз - шәкірттің санасына білім мен  тәрбиенің шамын жағып, қараңғылықта сәуле беруші күн, болашақ өміріне жол сілтеуші- жолсерік, ойын,сезімін тең бөлісе білетін-жан досы.Жақсылығына жақ болып, жамандыққа қас бола білген, отанға деген патриоттық сезімді ұрпақ тәрбиелеп,қоғамдағы белсенді топқа қосқан ұстаз- ұстаздың қоғамдағы мәртебесін сақтай отырып, шәкірт жүрегінен ұмытылмастай орын қалдырары сөссіз! «Өз бақытын аямай, өзгелерді аялай білген», ізгіліктің жолында ізетті  ұстаз болу екінің бірінің бағына бұйыра бермейтін іс.

      Ұлт болашағының тағдыры - отбасындағы тәрбие мен бүгінгі ұстаздардың қолында. Бұл жолда ұстаздық мамандықтың қаншалықты қиын және біліктілікті талап ететіндігі ұғар көңілге айтпаса да түсінікті. Бала тәрбиелеуде-Ахмет Байтұрсынов атамыздың «Егіннің бастары» әңгімесі бірден  ойыма оралады,білім нәріне сусындап,тәрбиенің тағлымын көрмеген шікірт те-басындағы дәні піспеген бидай секілді.Ақылы толыспаған бас -ілтипат көрсетіп иілуге жарамай тұрғандай. Болмаса, мінезінің осалдығынан көрегенділікті қабылдай алмаған надан жанның тәкәппарлығымен даналықтың алдына бас ие алмай тұр.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (57.7 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club