Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Радионың пайда болуының алғышарттары

Автор:   •  Февраль 6, 2018  •  Реферат  •  12,529 Слов (51 Страниц)  •  1,715 Просмотры

Страница 1 из 51

                                                                         Мазмұны:

    I  Кіріспе.................................................................................................................

        II Негізгі бөлім........................................................................................................

  1. Радионың отаны  -  біздің ел...............................................................7
  2. Радионың пайда болуының алғышарттары....................................10
  3. Қазақ жерінде радио ісінің дамуы.................................................. 12
  4. Қазақ радиохабарының қалыптасуы..............................................19

III Қорытынды.......................................................................................................

           Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................................28

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:  Радио сөзіне анықтама беріліп, оның шығу тарихы мен  қоғам дамуына ықпалы.

Курстық жұмыстың дерек көздері: курстық жұмысты жазу барысында  мынадай әдебиеттер қолданылды: Н. Омашевтың «Радиожурналистика», Н.С. Барабаштың «Радиожурналистика» еңбегі.

Зерттеу әдістері: анықтамалар, зерттеу барысы, сипаттау,  талдау тәсілдері қолданылды.

Курстық жұмыстың ғылымилығы: Радио сөзіне анықтама, шығу тарихы қоғам дамуына ықпалы туралы зерттеліп, радионың ерекшелігі, оның анықтамалары туралы жазылды.

Курстық жұмыстың практикалық маңызы: жұмыста қарастырылған мәселелерді болашақ журналист мамандарына танымдық сабақ ретінде және арнайы семинар сабақтарын жүргізуде қолдануға болады.

           Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Журналистиканың басқа да салалары сияқты, радио да терең зерттей беруді қажет етеді. Еңбекті жазу барысында  радио жайлы біраз ақпаратты бір жерге топтастырдым. Соның негізінде болашақ журналистерге көмекші оқу құралы боларлық нақты деректер бердім.

         Жұмыстың құрылымы мен мазмұны: Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Радионың отаны  -  біздің ел,  пайда болуының алғышарттары, қазақ жерінде радио ісінің дамуы жайлы  жазылған.

                                                Кіріспе

   Радионы адамзат өркениетіндегі аса ірі ғылыми жетістік қана емес, қоғамның даму тегершігін жеделдеткен құбылыс ретінде орынды бағалағанымыз жөн сияқты. Сымсыз ақпарат жеткізуді меңгергелі бір ғасырдан сәл ғана асатын уақыт өтті, ал ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамып кетті. Соған тікелей жол ашқан «ақжолтайлардың» бірі де бірегейі – радио және оған қатысты технологиялар. XXI ғасырда адамды және оның болашағын электронды есептеу машиналарынсыз, байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Соның бастауында тұрған ғылыми жаңалық – радио болса, ол күні бүгінге дейін жетілдіру үстінде. Радио – ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігіне айналды. Радио щекараны білмейтін, тосқауылсыз арнаға, жаһандық сипатқа ие болды. Шағын ғана, энергияны аз қажетсінетін құрылғылар тұрмысымыздан кең орын алып, адамға көмекшілікке жарады. Бүгінгі ақпараттық тасқынның да бастау бұлағы – радиотехнологиялар. Қайда қарамаңыз, қайда бас сұқпаңыз «радио» деген жанды сөзден тарамданып кететін жаңалықтар алдыңыздан кесе көлденеңдеп шығады. Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы дейді ғылымда. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио болып табылады.  Радиожурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде де, өзіндік ерекшелігі мен табиғаты, әдіс-тәсілдері мен қырлары бар ғылым саласы ретінде де мойындалған. Радиожурналистика бүгінде салааралық ғылым ретінде қарастырылады. Ол тіл білімі мен сөйлеу мәдениетін, психология мен әлеуметтануды, тарихи шолу мен философияны және коммуникавистиканы бір арнаға біріктіретін күрделі де жанды организм, ұдайы даму, өзгеру үстіндегі құбылыс. Дегенмен, осы күрделі-қатынастардың да негіздері, ортақ заңдылықтары мен принциптері бар және ол жеткілікті жүйеге түскен. Міне, сол әлемдік және отандық зерттеулер мен тәжірибе оқулық беттерінде көрініс табады.  Ақпараттың алғашқы жолы айқын, әрі нақты болуы – шарт. Тыңдарманның соны естігенде әрі қарай біле түскісі келіп, аяғына дейін тыңдауға ықыласы ауып, мәселенің не туралы екенін түсініп алуға қабілеттті болуын қамтамасыз ету қажет. Ақпарат жеке бір тұлғаға әсер ете отырып, ол оның өмірге немесе болған оқиғаға әсер ете отырып, ол оның өмірге немесе болған оқиғаға көзқарасын қалыптастыруға елеулі ықпалын тигізеді.  Радиоақпарат көзбен көретін көрерменге емес, құлақпен еститін тыңдарманға бағытталады.

...

Скачать:   txt (106.2 Kb)   pdf (453.6 Kb)   docx (46.4 Kb)  
Продолжить читать еще 50 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club