Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі пәнінен дәріс жинағы

Автор:   •  Октябрь 11, 2022  •  Курс лекций  •  26,334 Слов (106 Страниц)  •  394 Просмотры

Страница 1 из 106

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 Пернебаева П.М

Қозғалыс ойындарын оқыту әдістемесі пәнінен дәріс жинағы

ШЫМКЕНТ

ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ

  1. Лекция

Қозғалмалы ойындары дене тәрбиесі құралы. Ойын – тарихи қалыптасқан қоғамдық құбылыс

        Жас ұрпақты болашаққа дайындау мен дүниетанымын кеңейту құралы ретінде ойынның құндылығы тәрбиелік мақсатта ертеден пайдаланып келеді. Өзінің алғашқы қадамдарынан-ақ сәби ойын арқылы қажетті өмірлік дағды мен сапаларды бойына сіңіреді. Ойын ақыл-ойды дамытады, қабылдауды жетілдіреді, қимылды басқару мен дәлдік құрылымын қалыптастырады, еңбек құралдары мен түрлі заттарды пайдалануда қайталанбас тәжірибе жинақтайды, психикалық қабілетін және т.б. дамытады. Бұдан соң да ол әр адамның бүкіл ғұмыры бойындағы шығармашылық іс-әрекет пен қозғалыққа қажетті табиғи мүддесін қанағаттандыру отырып, өзінің тартымдылық күшін сақтайды. Әлем халықтарының барлық ойындарын пайдаланудың ерекше кең тараған негізгі себебі осы болып табылады.

        Қозғалыс ойындары ұлттық мәдениетті тәрбиелейді. Қозғалыс ойындарына тән спорт жарыстарына негіз болатын жан-жақты қозғалыс әрекеті барынша пайдалы және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның ақыл-ой қозғалыс аясын дұрыс дамытуға өте қажет. Сондықтан қозғалыс ойындары - өскелең ағзаны толық дамыту құралы ғана емес, сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорт әлеміне кең ашылған қақпа тәріздес.

        Оның қолданылу аясы шексіз. Дене тәрбиесінің басқа құралдарына қарағанда балалық шақтың алғашқы сәттерінен бастап-ақ және жасөспірім кезде ойындарға үлкен мән беріледі. Бұл түсінікті де, себебі ойындық қозғалыс әрекетінің шынайы бағасын жан-жақты ұғынып, дұрыс бағалау өте қиын.

Қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі дене жаттығуларының көп жақтылығынан көрінеді. Ойын ойнау ойыншылардың қимыл және психикалық әрекетіне бірдей ықпал етеді. Үнемі өзгеріп отыратын ойын жағдайларына лайық мінез-құлқын сайлау бақылау мен реттеу барысында танымдық сананы кең кірістіруді қажет етеді. Нәтижесінде жүйке әрекеттерінің күші мен қозғалмалылығы артады, ағзаның барлық жүйе әрекеттерін бастағы ми қыртыстары және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеу қызметі жетілдіріледі.

Бұған қоса ойын әрекеті қимылының көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді. Оған тірек-қимыл аппаратының үйлесімді дамуына ықпал ететін барлық бұлшықет топтары қатыстырылады.

Ойын шарттарының өзгермелелігі үйренген қимылдарын жаңа жағдайға үнемі лайықтап отыруды талап етеді. Сондықтан қимыл дағдылары икемді, әрі иілгіш болып қалыптасады. Ептілік жетілдіріліп, алдын ала меңгергендерінен жаңаша қимыл тудыру қабілеті дамиды.

Жарыс шарттары қатысушылардан барынша үлкен дене ширығуын талап етеді. Демалыс үзілістерімен шағын қысымдық әрекеттердің барынша қарқынды сәттерінің кезектесіп келуі ойыншылардан үлкен жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Жүктеменің кезетесіп келу сипаты өскелең ағзаның физиологиялыө жағдайының жас ерекшелігіне сәйкес келеді. Сондықтан қанайналым мен тыныс алу жүйесінің қызметін жетілдіруге жақсы әсер етеді.

Ойынның маңызы оларды табиғи жағдайларда кең қолдану мүмкіндігіне орай арта түседі. Шыңғы тебу, орманда, сауда, конькимен және т.б. ойындар – денсаулықты нығайту мен шыңдаудың  тамаша құралы.

Табиғи факторларды толық пайдалану әсіресе жас ағзаның дамуы мен өсу кезеңінде өте маңызды.

Терең және жан-жақты ықпал ету ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қайталанбас құрал етеді. Ойынды белгіленген жүйемен және басқа да құралдармен үйлестіре пайдалану қоғамдық ортаны құруға қажетті мінез-құлықты тәрбиелеуде жоғары ықпал етеді.

...

Скачать:   txt (344.7 Kb)   pdf (631.7 Kb)   docx (255.6 Kb)  
Продолжить читать еще 105 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club