Спорт тарихы
Автор: balzhan0311 • Декабрь 13, 2020 • Реферат • 2,913 Слов (12 Страниц) • 981 Просмотры
Халықаралық Бизнес Университеті
UIB
[pic 1]
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Спорт тарихы
Орындаған: Асылбай Балжан
Тұрақты туризм 20.858
Тексерген: Шепетюк Наталья Михайловна
Алматы 2020
Спорт тарихы
Мазмұны
1 Кіріспе.................................................................
1.1 Спорт жайлы ақпараттар................................
2 Негізгі бөлім ......................................................
2.1 Спорттың жалпы тарихы ...............................
2.2 Спорттың кейбір түрлерінің шығуы.............
3 Қорытынды.........................................................
4 Қолданылған әдебиеттер...................................
1 Кіріспе
Тақырыбтың өзектілігі: Спорт адамның өміріндегі маңызды нәрселердің бірі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Және бұл тек қазір емес, ерте заманнан бері қызықтырып келеді. Ата- бабаларымыздың бұрында қандай спортпен айналысқаны, олардың қандай ережелері болғаны өте қызық. Денені шынықтыру тәсілдерінің қашан, қайда, қалай пайда болғаны туралы сан алуан ақпарат бар екені мәлім. Бірақ оның қайсысы рас, қайсысы жалған екенін біз білмейміз.
Тақырыбтың мақсаты: Алдымен спорт жайлы жалпы түсініктерді оқып танысып, өз білімімді толықтыру. Спорттың және оның кейбір танымал түрлерінің шығу тарихын зерттеу. Кәзіргі күнге дейін оның қалай өзгергенін анықтау. Ең алғаш рет спорт ұғымы қай жерде қолданылғанын салыстырып табу.
Тақырыптың міндеті: Мақсатқа қол жеткізу үшін статистикалық маліметтерді зерттеу. Осыған дейін ғалымдардың осы тақырыпта жазған еңбектеріне шолу жасап, ақпараттарды бір-бірімен салыстыру. Тапқан мәліметтердің рас, өтірігін ажыратып нақтылап реферат жазу.
Гипотезалар немесе сұрақтар: Спорт адам үшін расыменде өте маңызды. Ол біздің өмірімізді сақтап және ұзартып тұрған нәрселердің бірі.
Спорт бізге не береді? Ол ең алғаш рет қашан және қайда пайда болды? Ең көне спорт түрлері қандай? Қазір ол қаншалықты дамыды?
1.1 Спорт жайлы ақпараттар
Спорт- көбінесе сайыс түрінде өтетін өзіне сай ережелері бар дәстүрге тән шара. Ол жалпы айтқанда физикалық келбеті маңызды рөль атқаратын, сипаттайды, бірақ ақыл-ой да , құралдары да маңыздылығы жөніне жоғары роль алатын ақыл спорты мен мотор спорты. Ол жеңіске немес жеңіліске алып келеді. Негізі адамдар спортпен денсаулығын сақтау үшін, мороль жағынан және зат жағынан қанағаттандыру үшін, өзін ары қарай жетілдіру дамыту үшін айналысады. Және спорт көңіл күйді де көтеріп сені тыныштандырады.
Спорт сөзі ең алғаш Ежелгі Францияда қолданылған екен. Және Франция тілінен аударғанда, desport - көңіл ашу деген мағынаны береді екен. Ағылшын тіліне спорт сөзі 1300 жылы енген болатын, содан соң басқа да тілдерге саралып кеткен, 19 ғасырдан соңынаа қарай қазақ тіліне де енген.
Оның мағынасы өте көп: аулау, көңіл ашу, ұтысу, шынығу, ойнау және тағы басқалары. Рогетт деген ғалымның анықтамалары бойынша спорт сөзін зат есім ретінде алатын болсақ "босау мен көңіл ашу үшін жасалатын әрекет" дегенді білдіреді. [1]
Спорт – дене мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол рухани, материалдық құндылық жиыны ретінде қоғамдағы жандардың ойындық дене істері үшін жүйеліі, арнайы бағыты бар, құрылған және пайдаланылған ағза құрлысының түрлеріқызметінің және психологияның қарқынды дайындалуының, оған жалғасын табатын толық қабілеттерін алдын ала сайыстар арқылы анықтайтын, қозғалысында көрсетіп тұратын,дене мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Яғни спорт үшін жұмыс жасайтын саланың бір болып келеді. Спорт тәрбие, дайындық, коммуникативтік істердің жауабын табады, дегенменде, бұмен айналысатын адамдардың кәсіби және тұрақты мамндығы болуы екі талай. Әртүрлі бағыттағы спортпен айналысатын адамдар белгілі бір жасқа келгенде бұл жұмысын тоқтатып жжатады. Мысалы айтатын болсақ: баскетбол және бокспен айналысатындар, және осы сияқты үнемі жылдамдылық төзімділік жоғары пайдалануды қажет ететін спортпен айналысатындар, спортты көп тастап кетіп жатады. Спорт экономикалық қызмет емес яғни ол өнім бермейді деген сөз. Тұрмысқа керекті заттар, бұйымдар және тағы басқа игіліктерді шығармайды, басқаша айтсақ ол өнеркәсіппен ешқандай заттық байланысы жоқ. Дегенменде, адамның ағза, мүшелерін шынықтыруға көмектесіп, дені сау жастарды дайындап қоғамға енгізеді, осы арқылы қоғамға да, экономикаға да көмегін тигізеді . Спорт осы күнге дейін және болашақта шексіз дамып келеді. Ол тианақты, тұрақты, қарқынды дайындық болмаса нәтижесін көрсетпейді. [2]
...