Салауатты өмір сүру
Автор: mako16 • Март 18, 2023 • Эссе • 289 Слов (2 Страниц) • 241 Просмотры
«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану». Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кездең көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Қазіргі заманда салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Себебі, жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Ал ол үшін спортпен шұғылдану қажет екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаса керек. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы іспетті. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегіндегі жақсы оқуға, жемісті еңбек етуге деген ынта – жігерді арттырады. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлемдік қызметтің бір саласы болғандықтан, жастардың жан – жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Мысалы өзіме келетін болсам, мен спортпен шұғылданғанды жақсы көремін. Соның ішінде менің сүйікті спортым – валейбол болатын. Мен 7 – сыныптан бастап валейболға қатыстым және көптеген жарыстарға баратынмын. Басында маған қиын болатын. Бірақ мен сонда да валейбол ойнаудан тартынбай, валейболдың ең қызықты ойындардың бірі екенін түсіндім. Содан бастап менің сүйікті спорт түрім – валейбол болды. Ол менде көптеген қасиеттерді дамытты. Мысалға, дәлдікті, ұстамдылық пен тепе- теңдікті. Ең бастысы бірлікті үйретті. Валейбол ойнаған сайын өзімді мықты сезінетінмін.
...