Салауатты өмір салты
Автор: Nurasylllll • Февраль 24, 2022 • Реферат • 2,639 Слов (11 Страниц) • 385 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Акалемиясы
[pic 1]
Реферат
Пәні:Дене шынықтыру
Тақырыбы:”Салауатты өмір салты”
Орындаған:”Музыкалық өнер”факультеті,”Дәстүрлі музыкалық өнер” кафедрасы,”Халық аспаптары” бөлімінің 1 курс студенті-Пернебек Нұрасыл.
Тексерген:Карлыбаев Мурат Сагынгалиевич.
Алматы,2020 жыл.
Салауатты өмір салты
Менің ең бірінші айтқым келгені: әрбір адам өзі үшін де, қоғам үшін де салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Оны қай жағынан алып қарасаң да әкелетін пайдасы өте көп.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты болады. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, балалар ес білгелі бері, өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. «Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтылмаған. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Бұл өмірде адам мәңгілік емес. Сол үшін де, берілген ғұмырыңды дұрыс пайдалана білуің керек. Денсаулығымызға көңіл бөліп, сақтанып жүруіміз маңыздырақ.
Ең бірінші байлық – денсаулық. Белгілі бір ауруға шалдығып, деніміз сау болмаса, шалқып тасыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Ақша мен байлыққа кұмартып, өз денсаулығына мән беріп қарамай жатқан адамдар да бар. Міне, сол үшін де, барлығын ақылмен шешкен дұрыс. Өз денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз керек. Шынына келсек, адамға денсаулығынан асқан қымбат нәрсе жоқ. Денің сау болса, өз тіршілігіңді жасап жүре бересің. Өміріміз-өз қолымызда. Естуімше, біздің бақытымыздың оннан тоғыз пайызы денсаулығымызға байланысты. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Шәкірт денсаулығы оның оқу үлгеріміне, мінез құлқына тікелей байланысты болады. Мектепте алғашқы минуттар гимнастика жаттығуларымен басталса, ал басқа кездерде ерте тұрып таза ауада жүгіріп, арнайы жаттығулар жасасақ өзімізге пайдалы. Түрлі спорттық ойындарға қатысудың да артықшылығы жоқ. Солай жасасақ, денемізді шынықтырып шығатын едік. Бәріміз салауатты өмір салтын ұстануды дұрыс деп санаймыз. Осы айтылған сөздерге қосылып, денсаулықтың бірінші орында екенін түсінеміз. Бірақ, ол айтылған жерде қалып кояды. Оның алдын алуға тырыспаймыз. Кейін, белгілі бір дертке шалдықсақ, соның бәрін ойлап өкінеміз. Абай атамыз да, «Тәннен жан артық» деп дұрыс айтқан. Сол себепті, денсаулығымызды ешнәрсемен теңестіруге болмайды. «Дені саудың-жаны сау»-дегендей, біз күні- түні деніміздің саулығын тілеп отырамыз. Тіпті үкімет те адамдардың денсаулығының мықты болуына қамқорлық жасап отырады. Мен өзім «денсаулық» дегенді – адам жаны мен тәнінің амандығы деп түсінемін. Әр адам денінің сау болуын қалайды. Себебі: кез-келген жұмысты жақсы атқару үшін, денсаулығыңның мықты болуы маңызды. Мен өз денсаулығымды ең қымбат дүние ретінде айтар едім. Егер 12 мүшеміз сау болса, еш жаман ауруға шалдықпай өмір сүрсек, өзіміз де, қасымыздағы жақын адамдарымыз да бақытты болар еді. Ұлы Абай атамыздың «бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын ұстанып, сондай-ақ ата-бабаларымыздың денсаулық жайлы ойларының қағидасын түсіне білу керек. Содан, біз өз-өзімізді дұрыс жолға салып, түзете аламыз. Ата-бабамыздың салауатты өмір салтын ұстанудағы ережелерін ой елегінен асықпай өткізіп, дұрыс орындап, аурудың алдын алсақ, бір өлімнен аман қалар едік. Себебі: ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани адамгершілік тұрғысынан ізгі қасиеттерге тәрбиелеу ісін алғашқы орынға қойған. Денсаулықтың қадірін біл, науқастанбастан бұрын! Адам сау кезінде денсаулығына көңіл бөлмей, тек сырқаттанған кезде назар салады. Көп жағдайда, ауруханаға сырқатымызды асқындырып алғанда барып жатамыз. «Десаулықтың қадірін ауырғанда білерсің»,-деп бекер айтылмаған. Сол үшін, сырқаттанбай тұрып, денсаулығымызға көңіл бөліп, белгілі бір уақыт сайын тексеріліп тұрғанның артықшылығы болмайды.
...