Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеңіл атлетика. Ұзындыққа секіру техникасы

Автор:   •  Ноябрь 28, 2021  •  Реферат  •  1,726 Слов (7 Страниц)  •  1,421 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

   РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Жеңіл атлетика. Ұзындыққа секіру техникасы

Орындаған:   Кайыржанова Нурасем ТФП-112 топ студенті

Қабылдаған: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Серіков Төлеген Шалатаевич

Қарағанды 2021 жыл.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. 1 БӨЛІМ. Жеңіл атлетика
  3. 1.2 БӨЛІМ. Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
  4. 1.3 БӨЛІМ. Тарихы
  5. 2 БӨЛІМ. Ұзындыққа секіру техникасы
  6. 2.1 БӨЛІМ. ЕКПІН АЛУ ФАЗАСЫ
  7. 2.2 БӨЛІМ. СЕРПІЛУ ФАЗАСЫ
  8. 2.3 БӨЛІМ. ҰШУ ФАЗАСЫ «Аяқты бүгу» тәсілі
  9. 2.4 БӨЛІМ. ҰШУ ФАЗАСЫ «Еңкею» тәсілі
  10. 2.5 БӨЛІМ. ҰШУ ФАЗАСЫ «Қайшы» тәсілі
  11. 2.6 БӨЛІМ. ЖЕРГЕ ТҮСУ ФАЗАСЫ
  12. Қорытынды.

Кіріспе

Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады. Жеңіл атлетика дене мәдениеті және спорт жүйесінде спорттың ең басты түрінің бірі болып саналады. Себебі оны игеру өте оңай. Жүгіру, секіру, лақтыру тағы басқаларының бірнеше түрлері мен қолданбалы белгілері жетерлік. Осылардың барлығы жеңіл атлетика сабағында үйретіледі. Жеңіл атлетика курсының мақсаты ─ дене шынықтыру сабағында мұғалімінің студенттерге негізгі мамандығы бойынша сабақтарын жүргізу. Оқу курсы өз алдына бірнеше міндет қояды: - жеңіл атлетика аясындағы кешенді білім беруді қалыптастыру; - жеңіл атлетиканы оқу барысында шеберлік сыныбын дене шынықтыру маманынан дұрыс қабылдай білу; - дене шынықтыру саласындағы жаңалықтарды ғылыми әдістермен игере білу; Репозиторий КарГУ 5 - кешенді іс қимылдарды және тәндік сапаны кәсіби маманмен бірге дайындау. Оқу әдістемесілік құралы Мемлекеттік білім үлгісі стандартына сай, арнайы жоғарғы оқу орындарында оқитын Дене шынықтыру және спорт – 5В010800 мамандығына дайындалған. Оқу әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде жеңіл атлетиканың жалпы тәртібі жайлы жазылады. Қысқаша түрде сайыстарды қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы сөз қозғалады. Екінші бөлім жеңіл атлетиканың техникасын меңгеруге арналған. Үшінші бөлімде оқу әдісінің негізгі теориясы мен әдістемесі қарастырылған. Әрбір тақырыптан кейін студенттерге өткен материалдарын пысықтау мақсатында тест тапсырмалары берілді. Осы оқу-әдістемелік құралын жазғанда шығармашылық әріптестер ежелгі және заманауи дене шынықтыру техналогияларына жүгінді. Авторлар сіздердің шағымдарыңыз бен идеяларыңызды ризашылықпен қабылдайды. «Жеңіл атлетика» оқу-әдістемелік құралының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің мазмұны, арнайы жаттығулар, қимыл қозғалысты дамыту бағыттары кіреді. 

I БӨЛІМ. Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетика-спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан, дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

1.2 БӨЛІМ. Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс – Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұнғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды. Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Тәуелсіз елімізде тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде өткен 27- Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

...

Скачать:   txt (26.1 Kb)   pdf (145 Kb)   docx (18.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club