Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасы
Автор: tadzhigulova • Декабрь 11, 2020 • Реферат • 876 Слов (4 Страниц) • 4,526 Просмотры
Тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасы Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйрету, көрсеткіштерімен таныстыру; 2) дамытушылық: оқушылардың аяқ бұлшық еттерін дамыту, шапшаң қимылдауға, ептілікке, сергек болуға дағдыландыру, спортқа қызығушылығын ояту; 3) тәрбиелік: шымыр болуға, спортты сүюге, тәрбилеу, ерік-жігер қасиеттерін дамыту. Негізгі бөлім 1. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру» Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру техникасын, белгіленген сызықтан тез жылдамдық алу техникасын, құмға секірерде екпін алу техникасын, құмға түскенде қолданылатын техникасын үйрету. Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді: Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек. Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады. Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды. Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады: ұшу кезінде бір аяқты бүгу 2) ұшу кезінде екі аяқтыбүгу 3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу Ұшу кезіндегі тәсілдер -секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер. 1. Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді. 2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа футболшылар мен олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді. 1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді. 3. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді. 4. Диалогтік әдіс. «Жетістікке қалай жетті? Әр топқа үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың суреті жабыстырылған плакат беріледі. Белгіленген уақытта плакатқа Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.
Ольга Рыпакова (30 қараша, 1984 ж.т., Өскемен) - ұзындыққа секіру, семиборье және үш қарғып секіруден маманданған қазақстандық спортшы. Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), үш қарғып секіруден Пекиндегі Олимпиада ойындарының (2008) және Рио-де-Жанейро Жазғы Олимпиада ойындарының (2016) қос бірдей қола жүлдегері, дәл осы спорт түрінен 2010 жылы әлем чемпионы атанды. 2018 жылдың 14 ақпанында Ольга Валенсиядағы 2008 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдесін иемденді. 2018 жылдың наурыз айында ол Бирмингем қаласында өтетін әлем чемпионатына шақырылып, 2008 жылғы әлем чемпионатында қола медальмен марапатталды. 2017 жылы грек спортшысы Крисопия Дэвиджен шеттетуден кейін қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болды. О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын. Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.
Дереккөз::https://qazradio.fm/kz/person/10277/
Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.
...