Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы дене шынықтыру құралдарының сипаттамасы

Автор:   •  Октябрь 30, 2021  •  Реферат  •  1,326 Слов (6 Страниц)  •  493 Просмотры

Страница 1 из 6

«Астана медициналық университеті»КЕАҚ

Оңалту бөлімі,спорттық медицина және дене шынықтыру

Реферат

Орындады:Қуат Диана Факультет:жалпы медицина Топ:127

Қабылданды:Тамара Советхановна Күні:15.09.2021

Нұр-Сұлтан 2021

Жоспар

1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім

  1. Жалпы дене шынықтыру құралдарының сипаттамасы

  1. Жылдамдықтың физикалық сапасын тәрбиелеу

  1. Жылдамдықты дамыту үшін жаттығулар жиынтығы 3.Қорытынды

Кіріспе

Дене шынықтыру – коғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.Қазіргі таңда дене тәрбиесімен айналысатын адамдар қатары күннен-күнге артуда.Жас балалардан бастап,егде жастағы адамдарға дейін бос уақытын спортқа арнауда.Неге десеңіз,денені шынықтырудың арқасында күні бойы жиналған стресс пен күйзелістерден арылуға болады.Ал ең бастысы денсаулығыңды қалыпты жағдайда,яғни сау күйінде ұстап тұруға таптырмас мүмкіндік.Сол себепті дене шынықтыру пәні бала-бақша,мектеп және университет сияқты оқу орындарныда міндетті сабақ болып табылады.

Дене шынықтыру міндеттер:

  • Денсаулықты нығайту,денені шынықтыру,дененің даму деңгейін көтеру,дамыту,еңбек ету қабілеттерін күшейту
  • Өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру
  • Адамның моральдік,ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу
  • Дененің сапалық қасиеттерін,атап айтқанда жылдамдық,күш,икемділік, төзімділікті дамыту
  • Арнайы спорттық жаттығулардың орындалу техникасын меңгеру

Осы барлық айтылған міндеттер мен нәтижелер ең алдымен жалпы дене шынықтыру құралдарының арқасында жүзеге асырылады.Оның өзі бірнеше салаларға бөлініп,бірнеше бөлімдерден тұрады.

Жалпы дене шынықтыру құралдарының сипаттамасы

Жалпы дене шынықтыру - бұл барлық физикалық қасиеттерді (күш, төзімділік, жылдамдық, ептілік, икемділік) үйлесімді түрде дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесі.Жалпы дене шынықтырудың негізгі мақсаты-денсаулықты нығайту және кез- келген спорт саласында әрі қарай дамуға мүмкіндік болатындай етіп негізін қалау.

ЖДШ пайдасы:

  • денсаулықты нығайтады
  • жан-жақты физикалық қасиеттерді дамытады
  • қолайсыз жағдайларға төзімділікті арттырады
  • тыныс алы,қанайналым және бұлшықет жүйелерін нығайтады
  • бүкіл дененің кешенді дамуын қамтамасыз етеді
  • арнайы дене дайындығы үшін және таңдап алынған қызмет саласында (еңбек,әскери) немесе спорт түрінде жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі

Жалпы дене шынықтыру құралдарына келетін болсақ,негізгі үш түрі бар:

  1. Дене жаттығулары(жүру,жүгіру,секіру,жүзу және т.б)
  2. Табиғаттың сауықтыру күштері(ауа,су)
  3. Гигиеналық факторлар(режим,тамақтану ,қоғамдық және жеке гигиена)

Дене жаттығулары- дене шынықтырудың негізгі құралы болып табылады.Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу адамның дене жағдайын өзгертеді,орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді,тыныс алу,қанайналым жүйелерінің қызметін,сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді,дамытады,еңбекке деген қабілетін арттырады.Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері:сүйек дұрыс және уақытылы бекиді,омыртқа иілістері қалыптасады,байланыс буындық аппараттары күшейеді,адам денесі икемді болады.Бұлшық еттердің барлық топтарын(кеуде,арқа,қарын,аяқ,қол,алақан,саусақ,табан,мойын,ішкі ағзалар,оның ішінде жүрек,қан тамырлары)дамытуға көмектеседі.Адамның қозғалыс әрекетінде дененің сапалық қасиеттері-күш-қуат,жылдамдық,ептілік,төзімділк,икемділік маңызды орын алады.Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.Әрбіріне жеке тоқталсақ,күш-қуат адамның бұлшықеттерін немесе бұлшықет топтарын жаттықтыру арқылы

...

Скачать:   txt (21.7 Kb)   pdf (125.6 Kb)   docx (18.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club