Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Волейбол

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  2,162 Слов (9 Страниц)  •  658 Просмотры

Страница 1 из 9

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

[pic 1]

    Реферат

                 

         

                                                      Дуйсенбек Сымбат                                                                

                                                      Шт 20-1 А  тобы  

                               

                                             

                               

                                     2020-2021    

                       

Волейболшының негізгі тұрысын, қимыл-қозғалысын, допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдаудауды жітілдіру.

Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

Волейбол ойыны аумағы  9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады:

·        13-14 жастағылар үшін

·        15-16 жастағылар үшін

·        17-18 жастағылар үшін

Ережелері:

·        Доп жерге тисе;

·        Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе;

·        Доп лақтырылса немесе қолда кідіріп (ұсталынып) қалса;

·        Доп дененің белден төмен кез – келген жеріне тисе;

·        Ойыншы допқа қатарынан екі рет қол тигізсе;

·        Ойыншы торға тиіп кетсе;

·        Қарсы жақтағы допқа ойыншының қолы тиіп кетсе;

·        Доп кезексіз ойынға қосылса;

·        Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса;

·        Допты ойынға қосқан кезде  сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп кетсе;

·        Ойынға қосылған доп бағанға, торға т.б. тиіп немесе  алаңнан шығып кетсе.

Волейболда допты берудің тәсілдері:

Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.

Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.

·        Допты жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

·        Допты төменнен беру.

Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.

...

Скачать:   txt (22.3 Kb)   pdf (312.4 Kb)   docx (188.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club