Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүтті сақтау процессін(қойманы) автоматтандыру

Автор:   •  Декабрь 7, 2022  •  Реферат  •  1,267 Слов (6 Страниц)  •  503 Просмотры

Страница 1 из 6

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы : Сүтті сақтау процессін(қойманы) автоматтандыру

Пән атауы

Технологиялық процестерді автоматтандыру

Баға

Ескертпе

Орындаған: Какимгалиева К.

Айтжан И.

Тобы: ТОП 19-11

Тексерген: Ильясов Е.С.

Алматы, 2022 ж.

Жоспар

I.Кіріспе...................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім

1.Сүт туралы жалпы мәлімет..................................................................................4

2.Сүт сақтау жабдықтары........................................................................................6

3.Сүт сақтауды автоматтан дыру..........................................................................8

III.Қорытынды.....................................................................................................10

IV.Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................12

Кіріспе

Сүт – адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенгенді үйренген секілді. Келе – келе біздің ата – бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сақтау жағын да ойластырған, сондай – ақ құрамында майлы, ақуызы, дәрумендері  жеткілікті сүт саууға тырысқан . Осы жағдайға байланысты сүт тағамдары дүниеге келсе керек. Сөйтіп, сүтті ашытып – сусын, қайнатып – құрт, ірімшік, тағы басқа тағамдар дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойғанын жоқ. Қазіргі таңда осы сүт өнімінен жасалған тағамдардың сапасын мемлекеттік стандартқа сәйкес бақылау жүзеге асырылуда.

       Сүт өнеркәсібі – ел халқын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының негізгілерінің бірі. Оның құрылымы айтарлықтай мәлім, себебі азық-түлік нарығына тікелей тәуелді болатын өзара байланысқан екі элементтен – мал шаруашылығын өңдеуші комбинаттардан тұрады.

 Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, адам ағзасына сүттің құрамдас бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүт сондай –ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі болып табылады. Сүт өсімдік өнімдерімен және мал өнімдерімен қосылып, адам тағамының биологиялық  құндылығын арттырады. Себебі, сүт ағзаға түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып қоймай, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздармен, сондай – ақ дәрумендермен біріге отырып, ағзаға сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады.

      Бұл дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі сүт аса бағалы, басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар, өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сондай-ақ сүт аминқышқылының, макро және микро элементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі.

      Адамзат баласы сүтті сол күйінде де, өнеркәсіп орындары өңдеп шығаратын өнімдері күйінде де іше алады.

      Сүттің тағы бір қасиеті-түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок,көмірсу, минералды тұздар, тағы басқалармен бірге үндесе отырып, әлгі қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.

         Сүтті жылумен өңдеу арқылы қоюландыру 19 ғасырдың соңында, әсіресе май және ірімшік өндіру өндірісіндекең қолданыла бастады. Ал, жылумен өңдеу процесі енгізілгенше, сүт әртүрлі бактериялдардың дамуына өте қолайлы орта болғандықтан, сүт арқылы туберкулез немесе сүзек ауырулары тарады.

Негізгі бөлім

       Бұл жылумен өңдеу процесін ең алғашқы болып Луи Пастер шарап және сыраны өңдеуге ұсынған, сондықтан жоғарғы температурада өңдеу процесін пастеризация деп аталды.Сүт өнеркәсібінің басты міндеттерінің бірі- азық ассортименттерін жетілдіру, сүт тағамдарының сапасын арттыру балансалы қоректену талаптарын орындап, халықтың сұранысын қанағаттандыратын өнімдерді жасау. Сүт және сүт өнімдері тұрғындардың тамақтануының маңызды тағамы болып табылады. Әсіресе балалар мен науқас адамдардың, сонымен қатар жүкті әйелдер мен емізетін аналардың, қарт адамдардың тамақтануында өте маңызды роль атқарады.Сүт және сүт өнімдерінің химиялық және биологиялық құндылығы табиғатта кездесетін барлық тағамдардан жоғары. Сүт және сүт өнімдері әр түрлі тағамдардың құрамына кіре отырып, оның тамақтық құрамын жақсартады, түрлендіреді және тамаққа жағымды дәм береді. Ежелгі философтар сүттің химиялық және физикалық қасиеттерін білмеген, бірақ олардың организмге әсерін байқап, оларды «ақ қан», «денсаулықтың көзі», «өмірдің шырыны» деп атаған.Сүтті қолданудың алғашқы басы көне кезеңге кіреді және ол жабайы ешкілерді, қойларды, кейіннен сиырларды қолға үйретумен байланысты. Ежелгі адамдардың ерте заманда қан аздық, асқазан ауруларын, және басқа да ауруларды емдеуде сүтті қолданғанын куәләндыратын көптеген деректер бар.Сонымен қатар, атақты грек дәрігері Гиппократтың (б.э.д. 400 жыл бұрын өмір сүрген) ойы бойынша, аурулардың көптеген қатарларына малдың сүтін қолдануға болатыны немесе болмайтыны айтылды.Орта ғасырда білім деңгейінің төмендігімен байланысты сүтпен емдеу ұмытылды, тек XVI ғасырдың аяғында оны қайтадан Францияда, кейін Батыс Еуропаның қалған елдерінде қолдана бастады. Сүтпен емдеуді ең алғаш рет 1000 жыл бұрын өмір сүрген Тәжік оқымыстысы – дәрігер Ибн-Сина (Авиценна) кітабына енгізген. Ол кітабында сүт тағамдары, әсіресе, қарт адамдарға пайдалы деп жазған. Ежелгі Грузия мен Арменияда қалтырауды сүтпен емдеген, ал Қазақстан, Орта Азия, Кавказ, ежелгі Шығыс елдері ертеден сүтті ашытып қымыз, айран, сыр түрлерін алған.Орталық Шығыста сүт өндіру маусымдық болып саналатын, ол жылына бірнеше ай ғана алынатын. Бұл шектелудің негізгі себебі сүттің жетіспеуінде болатын – мал шаруашылығы қарқынды дамыған еді. Фермерлік шаруашылықпен, тарихтың бастапқы этапындағы секілді, тек қана көшпенділер айналысты, олар бір жайылымнан екіншісіне көшіп жүріп мал өсірді. Өмір сүрудің бұл жағдайы оларды бірнеше ай бойы ауылдан, қаладан алыста жүруге мәжбүр етті, ол жерде мал өнімдерін сатып күн көрді. Ол кездерде сүтті қолмен сауатын; сүтті мұздатып қою мүмкін болмады, сүт ауадан түскен микроорганизмдермен, малдан және адамның қолынан түскен нәрселермен ластанды. Бұндай жағдайда, сүтті тасымалдауға немесе сақтауға мүмкіндік болмады. Дегенмен, сүтті ұйытудың бір мағыналы ғана процесс еместігі бұрыннан белгілі болды. Бөтен микрофлораның әсерінен тығыз біртекті қоймалжың пайда болады, оның ішінде газ көпіршіктері жүреді және өзінен мол сарысу бөледі. Сүт қышқылдық бактериялар дәмі жағымды өнім жасайды, оларды сүт өнімдері деп атайды.

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (585.9 Kb)   docx (432.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club