Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және мәні, белгілері

Автор:   •  Сентябрь 13, 2018  •  Реферат  •  1,347 Слов (6 Страниц)  •  1,878 Просмотры

Страница 1 из 6

Жоспар:

1. Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігі, белгілері.

2. Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi.

3. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi, белгілері.

4. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi.

5. Мас күйінде жасалған қылмыстар.

6. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және мәні, белгілері.

1.Қылмыстың объектiвтік жағының түсінігi. Қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстық-құқықтық нормалардың диспозицияларында көрсетілген қылмыстық әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығында тұжырымдалады. Қылмыстың нақты құрамының объективтік жағы — оны қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы деп тануға, сондай-ақ оны қылмыстың аралас құрамдарынан ажыратуға қажетті белгілердің ғана жиынтығын құрайды. Қылмыстың объективтік жағының маңыздылығы біріншіден, оның белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың негізі болып табылады. Екіншіден, объективтік жақтың белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажырытуға мүмкіндік туады (мысалы, қарақшылықты тонаудан, адам өлтіруді абайсызда кісі өлтіруден). Қылмыстың объективтiк жағының белгілерi. Қылмыс құрамының объективтік жағы мыналарды қамтиды: — әрекет немесе әрекетсіздік; — қоғамға қауіпті салдар (зардап); — әрекет (әрекетсіздік) пен салдар арасындағы себепті байланыс; — қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі, құралы және қаруы. Сонымен қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда обьективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Осы белгілердің ішіндегі ең негізгісі қылмыстық заң құрайтын және заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).

2. Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi. Материалдық деп аталатын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғанда адамның әрекеті (әрекетсіздігі) мен келген зиянды салдар арасындағы себепті байланыстың бар-жоқтығы жайында мәселе туындайды. Себепті байланыс мәселесі қылмыстық кұкық теориясындағы ең күрделі және даулы мәселелердің бірі. Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен әрекетсіздіктен туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Бұл материалдық құрамға жататын қылмыстардың объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Қылмыстық құқық қағидасы бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттен туындаған зардап үшін оның әрекеті немесе әрекетсіздігі сол зардаппен себепті байланыс болғанда ғана аяқталған қылмыс бойынша жауаптылық көзделеді.

3. Қылмыс субъектiсiнiң түсiнiгi. Есі дұрыс, кылмыс жасаған кезде қылмыстық занда көзделген белгілі бір жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісінің белгілері жалпы ҚК-тің 15-бабының біріншi бөлігінде былай делінген: "Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.". Ал, осы баптың екінші бөлігі 14 жастан бастап қандай қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа жататындығы көрсетілген, сонымен қатар ККтің 15-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылық егер бұл қылмыстар қасақана жасалса 14 жастан басталады.

4. Қылмыстың арнаулы субъектiсi. Қылмыстық заң белгілі бір жасқа толған, есі дұрыс кез-келген жеке тұлға ғана емес, ерекше қосымша белгілері бар адамдар субъекті бола алатын қылмыстарды да көздейді. Арнаулы субъектінің ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген барлық белгілері мына топтарға бөлінеді: 1.Адамның құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер. 2.Демографиялық белгілер айыпты адамның дене кұрылыс қасиеті. 3.Қызметтік жағдайды атқарылатын жұмысты сипаттайтын белгілер және адамның кәсібін сипаттайтын белгілер. 4.Адамның бұрынғы әлеуметтікке қарсы қызметін немесе неше қайтара қылмыс жасағандығын.

...

Скачать:   txt (19.9 Kb)   pdf (106.6 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club