Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі
Автор: Niko224 • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 1,247 Слов (5 Страниц) • 1,019 Просмотры
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық.
Тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі
Орындаған:Бек Нияз
Группа:Ю-20-1
Қабылдаған:Жумагулова Ш.Р
Соңғы жылдары заңгерлерді көптен толғандырып жүрген мәселелердің бірі заман талабына сай қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамаларын жетілдіру болып отыр. ҚР қылмыстық кодексінің жаңа жобасы бүгінде көпшіліктің талқылауында. Жаңа жобаның қабылдануы қоғамдық қатынастардың жаңаруы, заңнамада қарастырылмаған қоғамдық қатынастардың мүлдем жаңа түрлерінің, сәйкесінше қауіптердің пайда болуымен байланысты. Бұл үшін жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды енгізу қажет. Заманауи қауіптерден мүдделерді тиімді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін уақыт пен істәжірбиемен расталған базалық қылмыстыққұқықтық институттарды модернизациялау орынды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау тұрғысынан алғанда қылмыс ұғымына біршама өзгеріс енгізілмек. Және де заңды тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесінің көтерілуіне орай, қылмыс құрамының бір элементі – кінәнің ұғымы да өзгермек.
Қылмысты топтастыру мәселесі де қайта қаралады. Ол үшін қылмыстық әрекеттердің ауырлықдәрежесін, олардыңқоғамғақауіптілігін бағалай отырып анықтауды тереңірек зерттеу керек.
Қылмыстық құқықбұзушылық, қылмыстық терісқылық ұғымдарының ҚК енуіне орай әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексте қайта қаралуға жатады.
Концепцияның негізінде қылмыстық заңнаманы либерализациялау және гуманизациялау жөніндегі сұрақтарды да қарап шыққан жөн.
Қылмыстық жаза жүйесінде де біршама өзгерістер болмақ, жазаның жаңа түрлері енбек. Терроризммен, экстремизммен қылмыстыққұқықтық күрес те тереңінен ойлануды қажет етеді.
Ал бизнесті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін еркін кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектеулерге тосқауыл керек.
Әскери қылмыстар саласындағы қылмыстарды қарастырғанда мемлекеттің қылмыстық саясатын елдің қорғаныс стратегиясына сәйкестендірген жөн.
Соңғы жылдары ақпараттық, сандық технологиялардың дамуымен электрон құралдарымен жасалынатын қылмыстық қолсұғушылықтардың да саны көп. Осыған орай ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық-құқықтық қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік қылмыстар да қайта қаралады. Жаңа жобада осы саладағы қылмыстық қолсұғушылыққа жеке тарау арналмақ.
2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға сай отбасындағы қиындықтар мен әлеуметтік жетімдік, қараусыздық, құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды кешенді түрде шешу мақсатында балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық заңнамаларды жетілдіру назарда тұр.
Жоғарыда аталған жаңа бағыттар қылмыстық кодекстің Концепциясында орын алмақ, деп күтілуде. Бұл қылмыстық заңның мақсаты қылмыстық қолсұғушылық бағытталған нәрсені қорғау болғандықтан да қолсұғылатын объектіні нақты анықтаудың орны ерекше. Себебі тек қолсұғылатын объектінің не екендігін, оған қаншалықтық дәрежеде қауіп келгендігін, не келуі мүмкін екендігін біле отырып қана біз қылмыстық құқықтық баға бере аламыз. Ендеше сол қылмыс объектісі ұғымына тоқталайық.
Қылмыс объектісі – бұл қылмыс құрамының міндетті элементі, «объектісіз» қылмыстар болмайды да. Қылмыстық құқық теориясында, қылмыс объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қарым қатынас, деген жалпылама ереже бар [1, 120-122 б.]. Бұл ұғымды жалпылама ережемен түсіндіру жеткіліксіз.
Қоғамдық қатынас адамдар арасында рухани, тану қызметтері барысында пайда болады. Объектінің көмегімен қылмыстық емес әрекетәрекетсіздікті қылмыстық әрекеттен, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады. Кез келген қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекет объектіге қол сұғады. Қылмыстық қолсұғудың нәтижесінде объектіге нақты немесе елеулі дәрежеде зиян, шығын келеді, не шығынның келу қаупі туындайды. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыс қол сұққан объектінің қай түріне әсер еткеніне де байланысты. Ол бір қылмыстың немесе біртектес қылмыстар тобының жекеленген белгілерін түсіндіру үшін қажет [1, 255 б.]. Іс-тәжірибеде объект нақты қылмыстық әрекет бағытталған қолсұғушылықты анықтаудың негізгі фундаменті болмақ.
...