Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
Автор: rozka979797 • Апрель 16, 2020 • Реферат • 719 Слов (3 Страниц) • 1,859 Просмотры
Реферат
Тақырып: Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
Орындаған: Райбек Жансая
Группа: ЮР-811К- 2
Қабылдаған:Алтаева. М
Жоспары:
1.Адамның денсаулығын және қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі құқық қорғау органдарының міндеттері.
2. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері
1.Адамның денсаулығын және қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі құқық қорғау органдарының міндеттері.
Соңғы кездері медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуімен байланысты қылмыстық заңнамадағы бұл қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары жаңадан енгізілген тарау болып табылады. Медицина Қазақстан қоғамының жан – жақты дамуына, әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін шығуына, халықаралық байланыстың кеңейуіне, демократиялылық пен егемендік негіздерінің нығайуына, мемлекеттің саяси бірлігіне әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан осы саладағы қорғалатын объектілер қатарында медицина саласындағы қатынастар ғана емес, сонымен қатар адам өмірі, денсаулығы деп айтуға да болады.
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар деп медицина саласындағы қоғамдық қатынастарға қол сұғатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті әрекеттерді танимыз.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағын қарастыру барысында, олардың міндетті және факультативті белгілерін анықтау қажет. Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамының ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Субъективтік жағынан кінәнің қасақана және абайсызда нысанымен сипатталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы мақсат пен ниет міндетті белгі ретінде көрініс бермейді, дәрежелеуге әсер етпейді.
Сонымен қатар тыңдаушылар осы тарауды қарастыру кезінде төмендегі түсініктердің мағынасын ашу керек:
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар дегеніміз - медициналық қызметтің қалыпты дұрыс жұмыс істеуіндегі қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті, қасақана немесе абайсызда жасалынатын әрекет.
Денсаулыққа зиян келтіру — бұл кінәнің нысанымен басқа адамның ден-саулығына заңға қайшы әрекетпен зиян келтіру, оның денесінің анатомиялық тұтастығын бұзу не тұтастай ағзалар мен дене мүшелерінің қызметін бұзу (механикалық, физикалық, химикалық, биологиялық, психикалық).
...