Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу. Еңбек құқығының жалпы түсінігі

Автор:   •  Февраль 16, 2022  •  Реферат  •  1,440 Слов (6 Страниц)  •  437 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

 

                                                                      Заң факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу. Еңбек құқығының жалпы түсінігі. Еңбек құқығының мақсаттары, міндеттері, рөлі мен функцияларын талдау

                                                          Орындаған: Баймұрат Бейбарссұлтан Серікұлы

                                                     

                                                         Тексерген: Алдашев Сарсенгали Мирзалинович

Алматы, 2022ж

Жоспар

Кіріспе

  1. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу.
  2. Еңбек құқығы түсінігі , пәні, әдістері,жүйесі,функциялары.
  3. Еңбек құқығының әдістері        

Қорытынды

Кіріспе:

Жалпы еңбек дегеніміз – адам мен қоғамның өміріне және

қажеттіліктеріне қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және

басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Ал еңбек

қатынастары – еңбек

заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар

мен міндеттерді жүзеге асыру қызметкер мен жұмыс берушінің

арасында туындайтын қатынастар.

Еңбек кез келген қоғамының негізгі құндылығы ретінде дәріптелуі керек. Бұл – өркениетті елдің негізгі ұстанымы.

Еңбек құқығы деген тек жекелеген адамның құқығы емес. Ол сонымен бірге дербес құқық салаларымен қатар белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге әсер етеді. Қоғамдық қатынастарды реттеуіне

байланысты қалыптасатын қатынастар біртектес болуы тиіс. Осындай

біртектес қоғамдық қатынастардың қатарына еңбек қатынастары жатады.

Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу.

Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу - Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.

Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.

Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасынын заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.

Еңбек құқығы түсінігі , пәні, әдістері,жүйесі,функциялары.

•        жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

•        өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

•        еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

•        еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастарды реттейді.

Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін қарастырады. Сондпй ақ Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғаудың арнаулы процессуалдық пішімдерін, сондай-ақ, санкция қолдану реттерін қамтиды. Е. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Е. қ-ның жалпы бөлімін құрайды. Оған құқықтың осы саласының арқауы, әдістері мен жүйесі, оның бастаулары, сондай-ақ, Е. қ. ғылымының пәні мен методологиясы кіреді. Азаматтардың еңбегін пайдалану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастардың жекелеген топтарын реттейтін құқықтық нормалар Е. қ-ның ерекше бөлімін құрайды. Соған сәйкес Е. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбек қатынастарының құрамдас бөлігін арқау ететін құқықтық нормалар жиынтығы ерекшеленеді. Ерекше бөлім Е. қ-ның мынадай негізгі жерлері: жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді, еңбек келісімшартын, жұмыс мезгілі мен демалыс уақытын, еңбекақыны, еңбек тәртібін, келісімшарт жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігін, еңбекті қорғауды, қызметкерлердің кәсіби білігін көтеруді, еңбек дауларын қамтиды.

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (131.1 Kb)   docx (63.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club