Қазақстандағы саяси билік мәселесі
Автор: aisaparkylysheva • Январь 27, 2022 • Эссе • 728 Слов (3 Страниц) • 484 Просмотры
Эссе
Қазақстандағы саяси билік мәселесі
Қазақ жеріндегі саяси билік жайлы сөз қозғамас бұрын, ең алдымен биліктің не екеніне тоқтала кетейік. Билік теориясы саясаттың ең басты мәселесі болып табылады. Шығыс ойшылы Ибн-Хабдун өз еңбектерінде «адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығы – ол билік үшін күреседі» деп ой жазыпты. Біреудің екіншіге бұйырып, оларды басқаруы билік болып саналады. Ежелгі кезеңде билік қауымдық түрде сипат алды. Яғни тап болып, тайпаларды басқарды. Осылайша билік пайда болып, қазіргі уақытта биліктің бір жүйелі шыңына жетудеміз.
Саяси билік қоғамның мүддесінен туындап,халық қалауына қарай қалыптасатын күрделі тарихи процесс. Саяси билік адамзаттың барлық даму сатысында болған, және болады да. Мемлекеттік билікті қалыптастыру саяси биліктің басты мақсаты болып табылады.
Қазақстандағы саяси билікке келер болсақ. Республикамыз тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде басынан көптеген қиыншылықтарды кешірді. Бұл кезеңдер қиындығына қарамастан елімізде қазірде саяси тұрақтылық орналуда, әлеуметтік – экономикалық реформалар нәтижесінде елімізде тыныштық орнатылды, мемлекетте ішкі-сыртқы саясат бір қалыпқа түсті. Бүгінгі күнге дейін еліміз Ислам конференциясы ұйымына, ЕҚЫҰ-на төрағалық етті.
Қазақстан Республикасының басқару жүйесі президенттік басқару формасы бар құқықтық, зайырлы, унитарлық және демократиялық мемлекет. Алғашқы конституциямыз 1993 жылдың қаңтар айында қабылданды. Конституцияның жаңа жобасы 1995 жылы тамыз айында жарық көрді, бірақ оған 1998 жылы бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазіргі конституция жүйесінде Қазақстан – демократиялық құқықтық, унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш тармағы бар. Оларға атқарушы, заң шығарушы және сот биліктері жатады. Атқарушы билік президенттің қолында.
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау конституцялық заң шеңберінде жалпыға ортақ, тең сайлау құқығына ие еліміздің кәмелетке толған азаматтарының жасырын дауысы арқылы өтеді. Президент бес жыл мерзімге сайланады. Қазақстан Республикасының алғашқы Президент сайлауы 1991 жылы желтоқсанның бірінші жұлдызында өткізілді. Сайлау нәтижесінде Н.Назарбаев 98 пайыз дауыс жинап, еліміздің алғашқы Президенті болып сайланды. Араға төрт жыл сала отырып, жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президенттің өкілеттілігі тағы да 5 жылға созылды. 1999 жылы қаңтар айында өткізілген кезекті Президент сайлауында Н.Назарбаев 80 пайыз дауысқа ие болды. 2005 жылы кезекті Президент сайлауы өткізілді.Бұл кезде де 91 пайыз дауысқа ие болып, Президент Н.Назарбаев болды. 2011 жылғы кезектен тыс сайлауда сйлаушылардың 95 пайызы өз дауыстарын Н.Назарбаевқа берді. Алайда 2019 жылы наурыз айының 19 – да еліміздің көшін 28 жыл бойы бастап келе жатқан Елбасы Н.Назарбаев өзінің биліктен кеткенін ресми телеарналар арқылы хабарлады. Президент сайлауы 2020 жылы өткізу жоспарланғандықтан, елбасы өз орнын уақытша Қ.Тоқаевқа берді. Ол сенат төрағасы қызметін атқарған болатын.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы.Оны Президент сайлайды және қызметінен босатады. Оның басты қызметтері:
- Президент үшін сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды ойластырады.
- Елбасымыздың бұйрығы бойынша Республикамыздың Парламентімен, басқа да органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда және халықаралық қарым – қатынастарда мүдделілігін көрсетеді.
- Президент жанындағы кеңесші органдардың әрбір саладағы Президент сыйлығын табыстау жөніндегі қызметін үйлестіреді.
- Шет мемлекет елшілерінің сенім грамоталарын қабылдайды.
- Елбасы тапсырмасына сәйкес басқа да қызметтер атқарады.
Парламентке келер болсақ. Парламент – заң шығарушы қызмет атқаратын өкілетті орган. Ол 1995 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы парламентінің қызметі мен ұйымдастыру заңы конституцияда заңмен көрсетілген. Парламент сенат және мәжіліс палаталарынан тұрады. Сенат құрамында 47 депутат, мәжіліс құрамында 107 депутат бар. Сенат депутаттарына кондидатураны Президент тағайындайды және олардың өкілеттілігі жеті жылға созылады. Ал мәжіліс депуттатарының өкілеттік мерзімі бес жылға тең. Мәжіліс төрағасы қызметіне сайланушыларды палата депутаттары тағайындайды.
...