Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси элиталар және саяси көшбасшылық

Автор:   •  Ноябрь 18, 2024  •  Реферат  •  3,291 Слов (14 Страниц)  •  10 Просмотры

Страница 1 из 14

Реферат

Саяси элиталар және саяси көшбасшылық

БӨЖ-5

Орындаған: Нартайқызы Ұлмира

Топ: 1Б

Мамандық :Қазақ тілі және әдебиеті

Тексерген: Жиренова Айгуль Толеубаева


Саяси элитаның түсінігі мен қызметі

"Элита" термині француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. ХVІІІ ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. ХХ г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардын азғантай әлеуметтік тобын білдіреді,

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулы- ларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу иде- ясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551- 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (карапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда эли- тарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. басында ита- лия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам бас- карушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын касиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға баскарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

"Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатын- да" (1916) ол "элиталардын айналу" теориясын жасады. Ол бо- йынша элита билік басына алдынғы қатарлы идеяны ұсынуы- нын аркасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энер- гиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жана элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғам- да әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмас- тырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демокра- тияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және баск аруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда бо- Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қара- пайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын то- маға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие бола- ды. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Оли- гархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың ХХ ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стра- тегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар Соған орай билік элитасын мемле- кет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Франция саясаттанушысы Р.-Ж. Шварценбергер "Абсо- люттік кұкық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемле- кетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психо- логиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоға- ры бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясат- тан шалғай өз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекет- тің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған максаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

...

Скачать:   txt (47.3 Kb)   pdf (149.9 Kb)   docx (22.1 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club