Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, "Алаш", "Үш Жүз", "Шуро-и Исламия", "Шуро-и-улемия" және т.б.
Автор: Адиль Шынтемиров • Сентябрь 22, 2021 • Доклад • 309 Слов (2 Страниц) • 1,440 Просмотры
"Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, "Алаш", "Үш Жүз", "Шуро-и Исламия", "Шуро-и-улемия" және т.б. қызметі
Ең бірінші, Екінші съезде пайда болған екі секторге,яғни, большевиктер мен меньшевиктерге тоқталып кетейін.Нақтылап айтсақ,19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басында Ресей социал демократиялық жұмысшы партиясының құрамындағы фракциялар жайлы.Ленин басқарған большевиктер радикалдылықты қолдады.Идеологиясы: самодержавие мен феодалдық жүйені жою, пролетариат диктатурасы режимін құру болды.Және олар ел монархиядан тікелей коммунистік қоғамға көшеді деп ойлады.Ал меньшевиктер болса керісінше пролетариат буржуазиялық революцияға үстемдік етпеуі қажет,жаңа партия ашық болуы қажет деп және әлеуметтік өзгерістерге ынтымақтастық және инклюзивті процесс арқылы байыппен қол жеткіземіз деп ойлады.Бірақ екеуінің де ортақ белгілері болды.Себебі екеуі де капиталистік жүйені жойып, патша режимін құлатқысы келді.
Келесі кезекте кадеттер.Кадеттер дегеніміз Конституциялық демократиялық партияның мүшелері.Ол патшалық билікке қарсы конституциялық жүйе мақсатында құрылған.Кадеттердің мақсаты біртұтас Ресей және конституциялық саясатын қоллдау болды.Бастапқыда монархияны сақтап қалуға тырысып,кейін республикалық жүйені қолдады.Кейін 1917жылы әскери диктатураны қолдап,төңкеріс ұйымдастаруға көмектескені үшін Уақытша үкіметтен шығарады.Қазан төңкерісінен кейін Кеңестік билііке қарсы шығып,”хвлық жауы” деген атақ алады.
1905 жылы “Алаш қозғалысы” пайда боп,1917жылы 21-26шілдеде “Алаш” партиясы құрылады.Ә.Бөкейханов жетекшілеп бастаған бұл партияның мүшелері М.Жұмабаев,М.Тынышпаев,Ш.Құдайбергенұлы және т.б болды.Олардың басты мақсаты қазақ халқын отарлық езгілен азат етіп,автономиялық ұлттық мемлекет құру болатын.Және бұл партиялық өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.
Содан соң қазан қараша айларында М.Әйтпенов негізін қалаған “Үш жүз” партиясы құрылады.Бастапқыда социал революцияшылдармен одақтасқан болатын.Олар больщевиктердің бағытын ұстап, Алаш партиясының қарсыласы болды.Бірақ Алаш пен Үш жүздің ұқсастықтары екі партияны да тәуелсіздікке демократиялық жолмен қол жеткізгісі келген көзі ашық,көкірегі ояу қазақ зиялылары бастады.
...