Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың атқаратын қызметі

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  705 Слов (3 Страниц)  •  416 Просмотры

Страница 1 из 3

Саясаттанудың атқаратын қызметі.

Саясаттанудың қызметі, оның алдына қоятын мақсаттарының екі жақтылы: танымдық және тәжірибелік сипатынан туындайды. Ең алдымен саясаттану, бізді қоршаған саяси ортаны шынайы танып-білудің құралы. Саяси орта әр азаматтың өмірлік мақсат-мұратына, мүддесіне, бағдарына тигізер ықпалы зор. Сондықтан адам бойында саяси болмыс туралы түсініктердің неғұрлым шынайы, дәлірек қалыптасуы, оның мақсат-мүдделерін қорғаудың және оны іске асырудың қажетті алғы шарттарының бірі.

Саясаттану қоғамда ерекше қызмет атқарады және ол мынандай факторлармен байланысты. Саясаттың ғылым ретіндегі қызметі біріншіден, саяси объектісін біртұтас әлеуметтік организм ретінде танумен және оны мойындаумен байланысты. Яғни саяси ғылым дүниенің біртұтастығын мойындауы қажет, бұдан таптық және жалпыадамзаттық мәселелердің біртұтастығы шығады. Екіншіден, саяси әрекеттің және оны ұйымдастыру принциптерінің сипатымен байланысты. Себебі бұл әлеуметтік шындықты теория тұрғысынан тануына байланысты. Үшіншіден, саяси әрекеттер әдісін материалистік тұрғыдан түсінуімен байланысты.

Саясаттану танымдық тұрғыдан алғанда теориялық-методологиялық қызмет атқарады. Қоғамның нақтылы тарихын зерттеу процесінде, оның белгілі бір тарихи кезеңінде үстемдік құрған саяси режимді саяси тұрғыдан талдауда және оған баға беруде теориялық-методологиялық база міндетін атқарады.

Саясаттану идеологиялық қызмет атқарады. Қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтардың мүддесіне сай келетін саяси идеяларды, құндылықтарды және мақсат-мұраттарды іске асыруды негіздеуде және уағыздауда үлкен рөл атқарады.

Саясаттану саяси – тәжірибелік қызмет те атқарады. Мәселен, мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы органдар, сондай-ақ, құқықтық актілерді, қарарларды, бағдарламаларды қабылдауда алдын ала ғылыми сараптардан өткізгенде саяси білімдерді қолданады. Сондықтан саясаттану саяси басқару құрылымдарына дер кезінде керекті ұсыныстар жасап отырады. Осы тұста саяси болжамның практикалық тұрғыдан маңызының зор екендігін айтуға болады. Мысалы, өткен тәжірибеміздегі қоғамның экономикалық, әлеуметтік саласында, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани-мәдени өмірде жіберілген кемшіліктер мен қиындықтарға себеп болған факторлардың бірі біздің елдегі саяси болжамдардың өз дәрежесінде болмауы деп айтуға болады.

Сонымен бірге саясаттану тәрбиелік қызмет атқарады. Демек, ол қоғамдағы болып жатқан саяси құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер бере отырып, адамды отан сүйгіштікке, адамгершілік пен жауапкершіліккке тәрбиелейді. Саяси білімге баули отырып, субъектінің саяси сапасын, мәдениетін, белсенділігін, саяси сауаттылығын, саяси мінез-құлқы мен эмоциясын қалыптастырады. Саяси құбылыстардың мәнің түсінуге көмектеседі. Сондықтан қазіргі жастарға саяси білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді.

Саясаттану әдістерінің категориялары мен жүйесі

Саясаттанудың ғылым ретінде өзінің категориялары жүйесі бар. Категориялар дегеніміз әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданатын негізгі ұғымдар тізбегі. Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси ұйымдар, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси нормалар, саяси субъект, саяси объект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси этика, мемлекет, саяси право, саяси үстемдік, саяси конфликт, саяси ымыра, саяси статус, саяси күрес, саяси бостандық пен теңдік, саяси жауапкершілік, саяси талғам, саяси болжам, саяси плюрализм, саяси тәжірибе, саяси мінез-құлық, саяси дағдарыс, саяси тұрақтылық, саяси пікір, саяси іс-әрекет, саяси эмоция, саяси элита, саяси көсем т.б.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (69.3 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club