Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Негізгі ұғымдарға анықтама беру: Елбасы, Ұлт лидері (көшбасшы)

Автор:   •  Сентябрь 15, 2020  •  Контрольная работа  •  2,308 Слов (10 Страниц)  •  655 Просмотры

Страница 1 из 10

Құрманбай Қасиет ЖБИ911

1-деңгей. Негізгі ұғымдарға анықтама беру:  Елбасы, Ұлт лидері (көшбасшы) (30балл)

Елбасы - мемлекеттік институттар иерархиясында жоғары орын алатын және елдің ішінде мемлекеттің жоғары өкілеттігін білдіретін жоғары лауазымды тұлға. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елбасы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Ұлт лидері (көшбасшы)  (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; қара Көсем, Көшбасшы.

Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған: ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды; топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді; егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады; топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті: Бірінші тип — лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады.

3-деңгей. (35балл)

30 елдің қатарына ену мақсатында бағытталған жаңару «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде.

Бұл дүниеде біздің бір гана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Н. Ә. Назарбаев.

            Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл. Көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 20 жыл толайын деп отыр. Тәуелсіздік деген қандай тэтті үғым! Осы сөзді естіген шақта, бүкіл жан дүниең қандай рақатқа батады десеңші! Алайда, бостандық бүлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат. Оның қандай жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол - талай күрес жемісі. Қазақ даласының талай перзенттері бүл күрес жолында жанын салған-ды.

             Қазақ үлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмүны- азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғүн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.

                      Атақты айтыскер ақын Амангелді Жүсіпүлы:

                       Атыңнан айналайын қазақ деген,

                       Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.

                       Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

                       Көрсең де көресіні азаппенен.... -

деп жыр төккендей, жанқиярлық пен табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай, ХҮ ғасырда қуатты Қазақ хандығын қүрды.

               ¥лт болып үйып келе жатқан кезде,

                сан рет сүт күйінде төгіліпті!

- деп Қадыр ақын суреттегендей, үлт болып қалыптасып келе жатқан үлы байтақ өлкемізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жоңғарлар қаһарына іліккен қазақ халқы ақтабан шүбырынды, алқа көл сүламаға үшырады. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би үйытқы болған, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Олжабай, Райымбектер қорған болған өлке халқы «Әбілқайыр, Абылай хандардың ақ туының астында күш біріктіріп, осынау қырғында Отан үшін жандарын қүрбандыққа шалды.

...

Скачать:   txt (26.9 Kb)   pdf (89.7 Kb)   docx (14.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club