Мемлекеттің саяси жүйесі
Автор: Tolikking • Октябрь 25, 2020 • Реферат • 1,733 Слов (7 Страниц) • 442 Просмотры
[pic 1] | ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ | БП-01/4-ӘП15 Шығарылым:4, 2019ж. Қайта қарау:3 Беттер 4 - |
Теориялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Пән: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Мамандық: Мейіргер ісі. Емдеу ісі.
Оқытушы: Анықбеков Асқарбек Қайырлаұлы
Курс:І
Топ:
Тақырыбы: Мемлекеттің саяси жүйесі
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің ұғымы туралы теориялар және түсініктер саясаттану ғылымында алатын орны
Білімділік: Әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып студенттердің ой өрісін дамыту. Өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу. Тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару.[pic 2]
Тәрбиелік: Таңдаған мамандығына деген жауапкершілігін , қызығушылығын қалыптастыру. Оқушыларды ізеттілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену. Алған білімдерін басқа пәндерде, тәжірибе сабағында қолданып білу. Ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету.
Күні:
Сабақтың уақыты:
Сабақты өткізу орны: №
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру-иллюстрация,ауызша,жазбаша.
Пәншілік байланыс: Қазақстандағы саяси ойының тарихы
Пәнаралық байланыс:Дүниежүзі тарихы. Қоғамтану
Сабақтың жабдықталуы:
Материялдық: тесттер, карточкалар, сөзжұмбақтар
Техникалық-программалық: интерактивтітақта, проектор
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі: «Саясаттану. Дәрістер жиағы » Астана. Фолиант. А.С. Рахымбаева 2012ж. 190-196 беттер.
Қосымша: Д.А.Жамбылов. 4 – 7 беттер, А.С.Рахымбаев 6 – 9 беттер.
Оқушы білуі тиіс:
- Саясаттанудың әдіс – тәсілдерін меңгеру
- Саясаттану пәні және оның негізгі ұғымдарын ашу.
Сабақтың хронокартасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15-20 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30-45 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10-15 мин
Ү Қорытындылау – 3-5 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 3-5 мин
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі-5минут
Сәлемдесу, аудитория тазалығын тексеру.
Студенттерді түгелдеу.
Көрнекі құралдармен жабдықтау.
Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру.
Тақырыбы: Мемлекеттің саяси жүйесі.
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің қызметтері
- Мемлекеттің құрылымдары
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
...