Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Билік

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Реферат  •  766 Слов (4 Страниц)  •  241 Просмотры

Страница 1 из 4

Билік – бұл бір адамның өзге адамдарға деген әмірін жүргізуі. Ол өз бұйрығы арқылы олардың өміріне, қызметі мен іс – әрекеттеріне ықпал етуі мүмкін. Билік екі үлкен екі топқа бөлінеді, олар саяси билік немесе саяси емес билік. Саяси билік адамдарға заң тұрғысынан басқаруы және мемлекеттік, үкіметтік тұрғылардан қоғамдағы адамдарға билік жүргізуі. Саяси билікке жататындар: Сайлау жүйелер мен сайлаушылар, қоғамдағы ұйымдар, қоғамда ресми қабылданған саяси топтар мен сяси партиялар. Саяси билік ежелгі ғасырлардан бері келе жатыр, мысалы, қазақ тарихында ақсақалдар, билер кеңесінің болуы, хандар сайлануы жатады. Саяси билік қоғамдағы тұтастықты сақтау, билік етуші топтардың іс – әрекетін іске асыруға жәрдемдесу, қоғамдағы тепе – теңдікті сақтау, өнідіріс пен өнімді бөлу секілді жұмыстарды атқарады. Саяси билікте бұлар бір – бірімен тығыз байланыста, сондықтан барлығын бір қалыпта ұстау қажет, бір жұмыс қате болған жағдайда қиындақтар туындайды. Саяси биліктің ең маңызды сипаты ол егемендікке ие болу болып табылады.

Өз ойымды айтар болсам, билік барлық жерде болады және өзіне тән қызметттерін орындайды. Билік негізінен әр түрлі деңгейде жүзеге асады. Биліктің іске асырылуының жоғарғы деңгейі мемлекеттік билік деп аталады. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасы бар, демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Жаңа конституция бойынша Қазақстанда тәуелсіз 3 билік тармағы бар. Олар : атқарушы, заң шығарушы және сот билігі. Біріншісі атқарушы билік, ол қазақ тілінде сөйлей алатын, 40 – тан асқан, Қазақстан Республикасының азаматы болып келе жатқанына 15 жылдан асқан азаматтар арасынан іріктеліп 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады. Олар: Сенат 47 депутаттан, ал Мәжіліс 107 депутаттан құралады. Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті сот жүйелері атқарады. Қазақстан Республикасы қазірде дамушы елдердің көшін бастап келеді. Алайда еліміз осындай жағдайға жайдан жай келген жоқ, қаншама қиындықтардан өтті. КСРО – дан бөлініп шығып, өз тәуелсіздігімізді алудың өзі қаншама адамдарды құрбан етуді талап етті. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің жағдайы нашар болды, әсіресе халықтың күн көріс жағдайы өте төмен деңгейде болды. Ресейдің бағаны босатуы тіптен жағдайымызды нашарлатып жіберді. Осы кезде Қазақстанда азық – түлік тапшылығы орын алды, басқа елдер Қазақстанды ұзаққа бармайды деп есептеді. Алайда Елбасымыздың ойластырған саяси жоспарлары, нақты қадамдары мен әділ шешімдері, елімізді осындай қиын жағдайдан шығуына өзінің үлкен ықпалын тигізді. Ол ең алдымен елдегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлкен мүмкіндіктер қарастырды. Елбасымыздың саяси шешімдерінің арқасында Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылдық, ендігі мақсат дамыған 30 елдің тізіміне қосылу. Еліміздің

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (45 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club