Заң шығарушы билік
Автор: marlan • Сентябрь 24, 2021 • Реферат • 294 Слов (2 Страниц) • 470 Просмотры
Заң шығарушы билік — демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
...