Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама
Автор: Гульхат Абдраимова • Март 11, 2022 • Эссе • 847 Слов (4 Страниц) • 298 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: «Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама»
Факультеті: «Механика-математика»
Кафедрасы: «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
Мамандығы: «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
Орындаған: Орынбекова Дильназ Жандосқызы, 2-курс, МКМ 20-1А
Тексерген: Садибеков Ермек Омиржанович
Алматы, 2021ж
Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама
Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор. Қай заманның ойшылын болмасын ойландыратын бір ғана мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Бұл баяндамада ХХ ғасырдың белгілі саясаткері Алмонд Габриэльдің саяси идеялары жайлы айтсам.
Алмонд Габриэль(1911-2002 ж.) – америкалық саясаткер, Стэнфорд университетінің профессоры, Америка ғылым және өнер академиясының мүшесі, Америка саяси ғылымдар ассоциациясының президенті болған. Өзінің “Даму жолындағы аймақтардың саясаты” (1968), “Салыстырмалы саясат” (1988) атты еңбектерінде Алмонд қазіргі құрылымдық функционализмнің (жүйеліктің) негізін зерттеді.
Алмонд функциялық тәсілдерді саяси жүйелерді реттеу және талдау үшін пайдаланады, қоғамдардың саяси жүйесін зерттеді. Ол саяси жүйені адаптация мен ықпалдасу қызметтерін орындайтын өзара қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. Алмондтың пайымдауынша, саяси жүйелер екі негізгі мақсат атқарады: “енгізу” және “шығару”. Ол “енгізудің” төрт функциясын айқындайды Олар: саясатқа енгізу және қатысуға тарту, мүдделерді артикульдендіру, мүдделерді білдіру, саяси нормаларды талдау. "Шығарудың" үш функциясын: ережелерін қалыптастыру, ережелерді пайдалану мен ережелердің орындалуын бақылауды анықтайды. “Енгізу” функциясы өкіметтен тыс жүйелермен шешіледі, яғни: қысым көрсету тобымен, саяси партиялармен, тәуелсіз басылымдармен және т.б. Ал “шығару” функциясы – үкіметтік ұйымдар көмегімен жүзеге асырылады.
...