Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама
Автор: Nurzat_Tolegen • Апрель 4, 2022 • Творческая работа • 666 Слов (3 Страниц) • 237 Просмотры
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
[pic 1]
Кафедра: Картография және геоинформатика
Мамандық: Геодезия және картография
СӨЖ
Тақырып: «Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама»
Орындаған:Төлеген Нұрзат
Қабылдаған: Садибеков Ермек
Алматы-2022
«Белгілі бір саяси ойшылдың саяси идеяларына сараптама»
Сократ: «Білетіндер ғана билік етуге тиіс» деген аристократиялық принципті ұстанды. «Елді билейтіндер алған білімдерімен емес, өздерінің терең өмірлік таным -түсініктеріне сүйеніп мемлекетті басқаруы керек» деп санайды. «Білетіндер ғана билік етуге тиісті» деген ұғым қандай болмасын саяси формаға қатыстылығын айтты.
Менің ойымша Сократ осы сөздері арқылы саясаттың практикалық мәселелеріне қатысты биліктің басқару туралы принципін негіздеді, ал теориялық мәселелерде мемлекеттің толық рухани - адамшылық сипаты мен мемлекттің мәнін ашуға тырысты.
Сократ қандай болмасын мемлекеттік форма негізінде ең басты заңдылық принципін алға қойды. Басқару формасына қатысты Сократ патшалық және тираниялық, аристократиялық және олигархиялық, дұрыс демократиялық және дұрыс емес демократиялық деп ара жіктерін ашқан болатын. Алдыңғы патшалық - дұрыс, ал тираниялық -дұрыс емес, аристократиялық дұрыс, ал олигархиялық - дұрыс емес деп ол өз сөзін қорытындылады. Соңынан бұл жіктеме Аристотелдің өңдеуінде классикалық сипатқа ие болды. Сократ мемлекеттің тираниялық яғни,қанаушылық формасын қатты сынға алды жіне оған қарсы болды. Ақылды аристократиялық басқару формасын қолдаушылардың бірі болғандықтан Сократ демократиялық, не болмаса мемлекеттің басқару органы халық жиналысы қызметінің тиімділігіне сене қойған жоқ еді. Оның өзінің себептері де бар болған, қорыта айтқанда Сократтың бұл ойы Афинада енгізілген демократиялық басқарудың саяси қоғамдық тәртіптері ел азаматтарын ұрлыққа, жемқорлыққа итермелейтін және демократиялық басқарудың біліксіздігін байқағаннан кейін туындады.
...