Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық құқық

Автор:   •  Февраль 5, 2019  •  Эссе  •  579 Слов (3 Страниц)  •  2,623 Просмотры

Страница 1 из 3

Азаматтық құқық

Кез-келген демократиялық мемлекеттерде «құқық», «азаматтық құқық» түсініктері жиі кездеседі. Азаматтық құқық дегеніміз- мемлекеттегі азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын, еркі мен тәуелсіз болуын қамтамасыз ететін нормалар мен ережелер жиынтығы боп табылады. Азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастардан құралады. Нағыз демократияшыл елдерде, мысалы, АҚШ-та Конституциядан кейінгі екінші мәртебелі заң ретінде азаматтық құқық алынған. Бұл құқық базасы қоғамдағы азаматтардың еркімен білінетін құбылыс болып табылатындықтан, азаматтық құқықты Қазақстан Республикасында да дәрежесі жоғары құқықтық нормативтік құжаттардың қатарына жатқызады.

Азаматтық құқықтың жүйесіне тоқталмас бұрын, ол не үшін керек деген сұраққа жауап берейік. Азаматтық құқық күрделі жүйе болып табылғандықтан, ол әуелі, құқық туралы пікірлер мен көзқарастардан, түрлі саладағы ғалымдардың көзқарастарынан, пайда болған құқықтық қорытындылардан жинақталады. Азаматтық құқық ғылыми пән ретінде құқық саласының басты бөлшегі боп табылады және ол мемлекетте жүйе ретінде жүзеге асырылып жатқаннан кейін, бүкіл ел азаматтарының келешегінде тәжірибе жүзінде қолданылуы тиіс. Жоғарыдай айтып кеткендей, азаматтық құқық екі сала негізінде жұмыс атқарады:

  • Біріншіден, құқық саласы ретінде. Мұнда азаматтардың мүліктік және мүліктік емес қатынастары ескеріледі. Бұл заң болғандықтан,  мемлекеттік құжаттар қатарына жатқызылады.
  • Екіншіден, азаматтық құқық ғылым саласы ретінде. Студенттерге, соның ішінде заңгер мамандығының студенттеріне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қалай мүддені қорғау керектігі жайлы қысқаша мәлімет беріледі. Бұл Азаматтық құқықтық Кодексте толық мәлімет берілмеген анықтамаларды ашып көрсетеді. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық қатынастары жайлы, азаматтық-құқықтық әдістер, олардың түрлері, ұғымдардың түсініктері жайлы хабардар етеді. Бұл ғылыми пән тек заңгерлерге ғана емес, тіпті мектеп кезінен бастап оқытылуы тиіс.

Мен жоғарыда азаматтық құқық ұғымы мүліктік және мүліктік емес қатынастардан құралады деп көрсеттім. Енді сол қатынасардың мазмұнын ашып өтсек.  Мүліктік қатынастар- мүлікті (затты) толығымен иемдену, оған жекеменшік қатынасты көрсету, мүлікті атадан балаға мұрагерлікпен қалдыру жатқызылады.  Мысалы, тұрғын үйді, ғимаратты жалға алу, жерді сату деген сияқты.  Ал мүліктік емес қатынастар өз кезегінде екі топқа жіктеледі. Олар:

  1. Мүлікпен тығыз байланысты мүліктік емес қатынастар жиынтығы.
  2. Мүлікпен мүлдем байланысы жоқ мүліктік емес қатынастар жиынтығы.

Бірінші жағдайды жіктесек. Бұл топқа жататын байланыстардың ақшалай бағамы болмайды. Мысалы, қазақстандық А және Б есімді екі экономистін алайық. А есімді тұлға қазіргі кезде қоғамдық жағдайларда, жаһанда орын алып жатқан дағдарысқа қатысты өз пікірін айтады да, оның мәселелерін анықтап, болашақта шешу жолын көрсетіп, республикалық газет-журналдарға бірінші болып ғылыми мақала ретінде жариялайды. Дәл осы сәтте Б есімді экономист осы мақаланы алып, республикалық емес, облыстық деңгейдегі газеттерге жарияласа, онда А есімді экономисттің авторлық құқығы бұзылады. Мұндай жағдайда бейбіт өзара келісім жолымен немесе сот арқылы А экономисті моральдық шығын өтеп ала алады. Ол ақшалай түрде болуы мүмкін. Бұл бірінші жағдайға толық мысал бола алады. Ал екінші жағдай бойынша, шахта орналасқан аймақтарда адамдардың денсаулығына зиян келтірілді дейік. Бұл орайда біз адамның денсаулығына қанша мөлшерде зиян келтірілгенін ақшамен есептей алмаймыз. Алайда осы кінәнің орнын толтыру үшін біз қолдан келгенше бар жаадйды жасаймыз (зиян келтірген адамның кінәсін көрсету, материалдық жай-күйін анықтау т.с.с).   Жалпы, азаматтық құқықтың негізінен екі элементі болады. Олар- субьект және обьект.  Азаматтық құқықтың обьектісі деп- мүліктік және мүліктік емес қатынастарды айтады. Ал азаматтық құқықтың субьектісі деп- тұлғалардың екі категориясын: жеке және заңды тұлғаларды айтады.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (74.7 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club