Үштұғырлы тіл жобасы аясында көптілді, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру
Автор: kaaasiet • Декабрь 8, 2022 • Реферат • 2,186 Слов (9 Страниц) • 206 Просмотры
АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТІ
Шет тілдер кафедрасы
[pic 1][pic 2]
[pic 3]
Тақырып: Үштұғырлы тіл жобасы аясында көптілді, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру
Орындаған:Серқұлова Қасиет КА-113
Тексерген:А.К.Шаймерденова
Қарағанды 2022
КІРІСПЕ
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
ағылшын тілін меңгерту;
орыс тілін жетік білу;
әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көптілділік – бұл бәсекеге қабілетті, жан-жақты, мультимәдени тұлға қалыптастырудың алғышарты. Сондықтан да көптілділік мәселесі ең алдымен көп тілді білім беру жүйесімен тікелей байланысты.
Біз өмір сүріп, еңбек етіп отырған кезең – адам әрекетінің барлық салаларында жаһандану жүріп жатқан кезең. Бұл білім берудің артықшылықтарын қайта қарастыруды қажет ететін үдеріс. Сондықтан да ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктің қатарында тұрған көптілдік және мультимәдениеттілік әлімдік білім беру қауымдастықтарында білім берудегі базалық құзіреттілік және әлемдік білім беру кеңістігін қалыптастырудағы магистральды бағыттардың бірі ретінде анықталып отыр.
Ғалымдардың пікірінше: «көптілділік – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Ынтымақтастықтағы халықаралық өзара қарым-қатынастар көптілдік білім берудің дамуына түрткі болды. Ел мен елдің арасындағы мәдени ықпалдастық болмайынша, ол ел дамудың жоғарғы сатысына көтеріле алмайтындығы да анық».
Бірқатар ғалымдар тілді тұтастықтың бір бөлшегі ретінде мәдениетке тиесілі десе, енді бір ғалымдар тіл – мәдениетті танытатын форма ғана дейді. Ғалымдардың үшінші бір тобы – тіл мәдениеттің формасы да бөлшегі де, емес дегенді айтады. Э. Сепирдің пікірінше, «белгілі бір мәдениеттен сол қауымдастық не істейтіндігі және нені ойлайтындығын анықтауға болады, ал тіл – адамның қалай ойлайтындығы» «Мәдениет пен тілдің арқатынасы, - деп жазады Н.И. Толстой, тұтастық пен оның бөлшегінің арақатынасы сияқты қарастырылады. Тіл мәдениеттің бөлшегі, мәдениеттің қаруы ретінде қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар тіл мәдениетке қатысты жеке де бола алады, оны мәдениеттен бөлек, немесе әртүрлі мәндегі және әртүрлі бағадағы феномен ретінде мәдениетпен салыстыруға болады».
...