Сот әділдігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
Автор: MUKHAT • Апрель 25, 2018 • Статья • 970 Слов (4 Страниц) • 788 Просмотры
Сот әділдігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
Түйіндеме: Мақалада сот жүйесінің тәртібі және сот билігінің ерекшеліктерімен қатар сот әділдігін қамтамасыз етудің мәселелері қарастырылады.
Кілт сөздер: сот, сот жүйесі, мемлекет, заңды мүдде, сот билігі, сот әділдігі.
Азаматтардың мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға келгенде ең бірінші кезекте Сот тұрады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабы, Конституциялық заңының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады делінген [1]. Кез келген мемлекетте соттың рөлі мен орны ерекше, оның негізгі міндеті – жоғарыда айтып кеткендей, мемлекет тарапынан қоғамның әрбір мүшесінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының АІЖК 12-бабында Судьялардың тәуелсіздігі туралы айтылған. Судья сот атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына ғана бағынады. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгіленген [2].
Сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы және ол Республика атынан жүзеге асырылады. Ол нақты сипатқа ие, арнайы процессуалдық түрде құрылады, судьялармен сот билігін жүзеге асырушы тасымалдаушылар арқылы жүзеге асырылады. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат етіп алады. Сот билігі Республика Конституциясының, Заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады.
Конституция мен аталған Конституциялық заңда Қазақстандағы сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті соттар құрайды. Қазіргі кезде елімізде мамандандырылған соттарды құру мәселесі қарқынын жылдамдатуда. Олардың қатарына әскери соттарды және мамандандырылған экономикалық соттарды жатқызуға болады. Бүгінгі таңда Судьяларды даярлайтын жеке жоғары оқу орны болғаны дұрыс деп санаймын. Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабына сәйкес, қазіргі уақытта еліміз бойынша барлық деңгейдегі судьяларды сайлау немесе тағайындау Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесімен жүзеге асырылады [1]. Сот жүйесінің ерекшеліктерін, білім беруге қажетті тиімділікті, сот құжаттарын дайындау, сот сараптамасы, дәлелдемелерді жинау, бағалау сатыларының маңыздылығын тереңірек білу үшін болашақ судьялардың оқу бағдарламасына сай осындай қажеттіліктерді ескеру қажет.
Жалпы сот билігін жүзеге асыру тетігі қазіргі уақытта қоғам мен мемлекетті демократизациялау жағдайында үлкен рольге ие, кәсіби сот билігін көрсететін біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну принципін енгізуге мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты, мемлекеттік биліктің бөлінуін қамтамасыз етуде биліктің заң шығарушы тармағын яғни, Парламенттің мәртебесін жоғары ұстау ғана емес, сонымен бірге, экономикалық соттардың, әкімшілік және ювеналдық (кәмелеттік жасқа толмаған) соттардың жүйесін дамыту, жетілдіру мақсатында сот билігін барынша арттырудың да маңызы зор. Мемлекетімізде дербес заң шығарушы және сот билігінің болуы әкімшіліктің еркін шешуіне және жедел өзіндік, соттан тыс күштеуге сүйену сияқты атқарушы биліктің жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік беретінін айтып өткен жөн [3].
...