Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Бірлескен химиялық компания» ЖШС инвестициялық процесті материалдық техникалық қамтамасыз етудің қаржылық жағдайын талдау

Автор:   •  Март 9, 2021  •  Курсовая работа  •  8,115 Слов (33 Страниц)  •  412 Просмотры

Страница 1 из 33

Кіріспе

3

1.Инвестициялық процесті материалдық техникалық қамтамасыз етуді қаржыландырудың теориялық аспектілері 
1.1 Инвестициялық қызметтің қамтамасыз етілуінің экономикалық мәні
1.2 Инвестициялық қызметті қаржыландырудың қайнар көзі
1.3 Инвестициялық қызметті қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі

5

8

9

2 «Бірлескен химиялық компания» ЖШС инвестициялық процесті  материалдық техникалық қамтамасыз етудің қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Бірлескен химиялық компания» ЖШС инвестициялық процесті  материалдық техникалық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырылуы
2.2«Бірлескен химиялық компания» ЖШС қаржылық жағдайын талдау
2.3 «Бірлескен химиялық компания» ЖШС инвестициялық процесті  материалдық техникалық қамтамасыз етудің негізгі мәселелері және оны жетілдіру жолдары

11

14

18

Қорытынды

26

Қолданылған әдебиеттер

28

Кіріспе

Дамушы нарықтық жүйелердегі инвестициялық әлеуетті қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын зерттеу үнемі кеңейіп отыратын интеграциялық кеңістіктегі олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жүйесіндегі оны пайдалануды оңтайландыру тетігі бойынша бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер берді.

Бәсекені негіздеу саласындағы оның маңыздылық белгілерінен және түрлерінен бастап реттеу әдістеріне дейінгі ғылыми ізденістер экономикалық теорияда маңызды орын алады. Соңғы он жыл ішінде әлемдік қауымдастыққа жетістікпен кірген және тауарлар мен қызметтердің халықаралық нарықтарында бәсекелесе алатын әртүрлі дамушы нарықтық жүйелерде экономикалық өсудің ерекшеліктері бойынша бірқатар тұжырымдамалар пайда болды. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл бір жағынан жас ұлттық жүйелердің әлемдік шаруашылықтағы өз орындарын анықтауға ұмтылуын көрсететін заңды үрдіс, ал екінші жағынан - өз тауарлары мен қызметтерін өндіруді және өткізуді ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін қолдану негізінде өзінің бәсекелестік мәртебесін жоғарылатады. Осы тұрғыдан, елде бар экономикалық әлеуетке сүйенетін, ғылыми негіздеме алған қазақстандық экономиканың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына кіруінің стратегиялық бағыттарын айта аламыз. Ол өз кезегінде бірқатар міндеттер кешенін шешуге мүмкіндіктер береді:

- тауарлар мен қызметтердің сапалық параметрлерін жоғарылата отырып өзінің ішкі нарықтарының шекарасын кеңейтеді;

- экономиканың көптеген секторларында, ең алдымен нақты секторда шаруашылықты жүргізудің неғұрлым дамыған бәсекелестік ортасын құрады;

- халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатады, бұл постиндустриалды қоғам қозғалысындағы объективті қажетті  деңгей болып табылады.

Біздің ойымызша, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі оның нәтижелілігінің негізгі белгілерінің бірі бола отырып, оның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше, жалпылама белгілерден де тұрады. Бұл әсіресе, бәсекелестік артықшылық экономикалық жүйедегі шығындарды төмендетуге мүмкіндіктер беретін және елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін өте аз тәуекелділіктермен әлемдік шаруашылық байланыстарына кіре алатын дағдарыстық жағдайларда көрінеді.  Сонымен бір мезгілде осы жағдай қоғамның әртүрлі әлеуеттерінің объективті қажетті іскерлік белсенділігін қолдай отырып әлеуметтік аядағы, әсіресе, оның іскерлік негізін қалыптастыратын және өзін әлемдік шаруашылықта жақсы жағынан көрсете алған бизнес-ортадағы қиыншылықтарды азайтады. Бизнес-ортаның дамуы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің индикаторларының бірі бола отырып өзіне дамушы нарықтық жүйелерде экономиканы одан әрі қарай тұрақты дамыту үшін стратегиялық мақсаттарға пайдаланылатын үлкен әлеуметтік-экономикалық жүктеме алған. Сол арқылы әлемдік шаруашылықта ерекше орны бар дамыған және бір мезгілде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жүйе қажетті мәртебеге қол жеткізеді.

...

Скачать:   txt (124.1 Kb)   pdf (706.8 Kb)   docx (128.4 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club