Менің отаным-Қазақстан
Автор: elmirook00 • Ноябрь 11, 2018 • Эссе • 348 Слов (2 Страниц) • 2,227 Просмотры
Орындаған: Тәжібай Эльмира 2-003 ТФП
Қабылдаған:Магзумова Л.К
Эссе:Менің отаным-Қазақстан
**«Менің Отаным – Қазақстан»**
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
С.Сейфуллин.
Менің отаным- Қазақстан. Отан-сенің кіндік қаның тамған жерің,отбасың,достарың,жүрегіңе жақын жандар. Қазақ отбасында бала дүниеге келгеннен бастап, отан ұғымын түсіндіріп,патриотизмге тәрбиелейді.Ол болашақта елім жерім деп жұмыс жасайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолы.Сен отан үшін жұмыс жасағаның,өзің үшін жұмыс жасағаның.Кемеңгер елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан деген тәуелсіз мемлекетті үздік елдер қатарынан етті. Күннен күнге асқақтап,көркейіп келеді.Егер отаным деп еңбек етем десең, мүмкіндіктерге жол ашып берді. Жыл сайын жолдаулар аясында жұмыстар атқарылып, жас ұрпаққа мүмкіндіктерге жол ашылды.Білім алудың жаңа технологиялары, мүмкіндіктері жоғары университеттер, тіпті шет елдерде де білім алуға да жол ашық. Тек көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ болам, отанға деген нағыз махаббатты көрсетемін деген жігер болса болғаны. Кезінде ата-бабаларымыз,келешек ұрпақ телмірмей өмір сүрсін деп,бізге тәуелсіз мемлекетте,тәуелсіз ұрпақ болып өсу үшін қасық қаны қалғанша аянбады. «Елім дейтін ер болмаса,ерім дейтін ел қайдан болсын?» деген халық нақылы бар.Отан деп аталатын отбасыңның көркеюі тек өзіңнің қолыңда.Отан деп айтқанда менің ойымша оған деген махаббатыңды тек сөзбен ғана жеткізіп қою емес, іспен дәлелдей білу. Елбасымыз жастар үшін барлық мұмкіндікті ұсынуда. Ел экономикасы үшін кәсіпкерлікке елбасымыз ерекше көңіл бөлуде.Кәсіпкерлік ол біріншіден өз табысыңды еселеу болса,екіншіден ел экономикасын еселеу.Білімің мен жігеріңді шыңдасаң,елім дейтін ер сендей ақ болсын.Елбасымыздың еңбегін елемеу мүмкін емес. Қазақстан ел болып қалыптасу үшін үлкен жұмыстар атқаруда,экономиканы ақсатып алмай,елді бірлікте ұстау, басқа елдермен тату тәтті қарым-қатынаста болу,биікке ұмтылу,отаным деп жар салатын ұрпақ тәрбиелеп шығару,елбасымыз атқарып жатқан жұмыстан шығатын нәтиже. Біз жастар елбасымызбен мақтанамыз,үмітін ақтайтын азамат болып өсіп,Қазақстанды бүкіл әлемге танытамыз.
...