Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім
Автор: Aezakmi123 • Декабрь 14, 2022 • Практическая работа • 320 Слов (2 Страниц) • 1,386 Просмотры
«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»
Өмір сүру принциптеріңді, көзқарастарыңды қорытындылау
Менің ойымша әрбір Қазақстан азамат және азаматшасы осындай тәуелсіз елде тұрып, өмір сүріп жатырғандықтан еліне деген жанашырлығы мен махаббатын көрсету мақсатында қандай да бір пайдасын тигізуі тиіс деп білемін. Волонтерліктен бөлек қарапайым халықта өз еліне ниеті болса көмегін тигізе алады. Мысалы мен қолымнан келсе Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне, әрі қарай дамуына үлкен үлесімді қосар едім. Мысалы, осы таңдаған ақпараттық жүйе мамандығымның беделді түлегі болып, соны жақсы меңгеріп, елімнің технологиялық дәрежесін арттырар едім. Және қыз баласы болғандықтан ана атанып, “елім, жерім” деп тұратын ұрпақ дүниеге әкеліп, Қазақстан демографияын дамыту.
Әрбір адамның өмірге деген көзқарасы, құлшынысы, өмір сүру туралы түсінігі мен ойы әртүрлі. Осындай қамшының сабындай, бес күндік жалғанды қу қайғырумен, ұрыс-керіспен өткізуді мен қолдамаймын. Өз өміріңді жақсы және есте қаларлықтай өткізу өзіңнің қолыңда.
Жалпы өзімнің өмір сүру принципім мен көзқарасымды ашып айтатын болсам, мен ең бірінші кезекте ата-анамды ойлайтын жандар қатарынан болғандықтан, маған осы жарық дүниені сыйлаған сол кісілердің жақсы өмір сүріп, ештеңеден тарылмай жүруін қамтамасыз ету. Және де қазіргі таңда әрбір сәтті бағалай білу қажет. Адамдардың көпшілігі өмірді ақшамен алмастырған. Яғни қалтаңда ақша болса, сенде бәрі бар деген ұғыммен өмір сүреді. Мысалы, сен бұрынғы бақытты, тәтті естеліктерді жасыл жапырақтай қағазға оны қайтару үшін сатып ала алмайсың! Әрбір сәт, әрбір уақыт мен үшін қымбат. Сондықтан әр күнімді қайғы-мұңға арнамай, есте қаларлықтай көңілді өткізу мееің принципім болып табылады.
...