Отбасы бюджет түсінігі және құрылымы отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болады?
Автор: AmiraliAS • Февраль 1, 2021 • Эссе • 783 Слов (4 Страниц) • 1,522 Просмотры
Орындаған:Әмірәлі Алтынай
Мамандығы: Экономист
Эссе тақырыбы: Отбасы бюджет түсінігі
және құрылымы отбасылық бюджетті
қалай үнемдеуге болады?
Түйіндеме. Эсседе отбасылық бюджет ұғымы, оның құрылымы және отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болатыны, қаржыны қалай дұрыс жұмсауға болатыны туралы баяндалған. Отбасылық бюджет отбасының кірісі мен шығысы есептеліп жасалған қаржылық жоспар болып табылады. Бұл жоспардың дұрыс құрылуы отбасы мүшелеріне байланысты. Отбасылық бюджетті үнемдеудің бірнеше қарапайым тәсілдері бар. Бұл туралы эсседе толық баяндалған.
Кіріспе.Отбасы бюджеті деген не? Оны қалай үнемдеуге болады? Ақшаны қалай жеткізуге болады?Шығындарды қалай азайтуға болады? Осы сұрақтар кез келген отбасыны мазаламай қоймайтыны бесенеден белгілі. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, ең алдымен, отбасылық бюджет түсінігін түсіну өте маңызды. Отбасы бюджеті дегеніміз – әрбір отбасының кірісі мен шығысы ескеріліп жасалған қаржылық жоспар. Бұл жоспардың дұрыс әрі нақты құрылуы отбасы мүшелеріне байланысты. Қаржылық жоспарды әр отбасы бюджеттің қай түрін таңдайтындығына байланысты құрастырады. Бюджеттің бірлескен бюджет, бөлек бюджет, араласқан бюджет дейтін түрлері бар. Бірлескен бюджетте барлық табысты бірге жинап, қаржыны ортақ және жеке шығындарға жұмсайды. Қазіргі таңда көптеген отбасылар осы тәсілді тиімді деп біледі. Қазақта «бірлік болмай тірлік болмайды» дейтін кереметтей сөз бар емес пе,-расында бірлесіп істелген істің берекесі бар. Ал бөлек бюджетте отбасы мүшелері өз табыстарына өздері иелік етеді, тек ірі шығындарға ғана қаржыны бірлесіп жұмсайды. Араласқан бюджетте отбасы мүшелері қаржыны белгілі бір сомада жинап, сол ақшаны шығындарға жұмсайды, ал қалған ақшаларын өз керектеріне жұмсайды.
Негізгі бөлім.Отбасы бюджетін құрастыруда қайдан кіріс келетініне, шығынның қайда кететініне мұқият зер салу қажет. Кірістер, мысалға, айлық жалақыдан, зейнетақыдан, шәкіртақыдан, әлеуметтік жәрдемақылардан, қосымша жұмыстардан келуі мүмкін, әрине ар отбасының табысы әр түрлі, дегенмен ол мейлі аз болсын, мейлі көп болсын оны тиімді пайдалану отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Шығындардың түрлері:азық-түлік, жолақы, көлікке жұмсалатын шығындар, киім-кешек, гигиеналық заттар және үйге қажетті тауарлар, сауық, демалыс үшін, той-думан, концерт және қосымша және кездейсоқ оқиғаларға шығындар. Кірістер мен шығындардың дұрыс есептелуі отбасының қаражатты тиімді әрі үнемді пайдалануына айтарлықтай әсер етеді. Қаражаттың үнемделуінің отбасының материалдық жағдайын жақсартуға да пайдасы зор. Енді осы отбасылық қаражатты үнемдеудің қарапайым тәсілдерін қарастырайық. Ең алдымен, жалақыны алғанда үйге қажетті деген заттарды алу қажет, әйтпесе бірнеше күннен кейін ол ақша жұмсалып кетуі мүмкін, соның салдарынан қажет дүниелерге ақша жетпей қалуы ықтимал. Екіншіден керексіз заттарға ақшаны оңды-солды шаша бермеуге тырысу қажет. Ақшаны үнемдеудің ең тиімді тәсілі –жоспарлау. Өкінішке орай, қазіргі таңда көпшілік бюджеттерін жоспарлай бермейді,сондықтан қаржылық жағынан көп қиналады.Табыстың бір бөлігін арнайы жинақ қорларында жинақтау да ақшаны үнемдеуде өз пайдасын тигізеді. Ай сайынғы төлемдердің нақты есебін шығарып отыру қажет.Мысалға, коммуналдық төлемдерді есептеуге болады. Шығындарды азайту үшін, мысалы, сыртан тамақтанғанды азайту қажет, жарықтарды үнемдеу керек, зиянды әрі қымбат тағамдардан бас тарқан да жөн.
...