Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әкімшілік құқық субьектілері

Автор:   •  Октябрь 5, 2024  •  Эссе  •  271 Слов (2 Страниц)  •  22 Просмотры

Страница 1 из 2

                                 Әкімшілік құқық субьектілері

  Ең алдымен әкімшілік құқыққа түсініктеме беріп кетейін. Әкімшілік құқық – бұл мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы.Ол мемлекеттік органдар мен мекемелердің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуіне, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекетпен өзара әрекеттесудегі құқықтары мен міндеттеріне байланысты қоғамдық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Францияның заңгері Леон Дюги: «Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық пайдаға бағытталған мемлекеттік қызметтің құқықтық негізі»тұжырымдамасы бойынша ол, әкімшілік құқықты қоғамдық мүдделерді қорғаудың құралы ретінде бағалады.Менің ойымша,бұл тұжырымдама қазіргі кезде өз актуалдылығын жоғалтқан жоқ, әкімшілік құқық – бұл қоғамдық мүдделерді қорғаудың құралы болып табылады. Бұл тұжырымдама әкімшілік құқықтың маңыздылығын және оның қоғамдағы рөлін көрсетеді.

   Әкімшілік құқық субьектілері- бұлар әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушылары. Оларға заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттер берілген және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға белсене қатысады, әртүрлі салалардағы қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге мүмкіндік береді.Әкімшілік құқықтың субъектілері:жеке және заңды тұлғалар(мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар кіредіҚ және мемлекеттік органдар.

   Жеке тұлғаларға азаматтар,шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар кіреді.

   Ұжымдық немесе заңды тұлғаларға азаматтардың әртүрлі бірлестіктері,оның ішінде мақсаты мен дәрежесіне байланысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда кіреді.

   Мемлекеттік ұйымдар әкімшілік құқық субьектілері ретінде:атқарушы билік (мемлекеттік басқару); мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және олардың әр түрлі бірлестіктері (Корпорациялар, концерндер және т.б.); атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті берілген.

   Мемлекеттік емес ұйымдар әкімшілік құқық субъектілері ретінде: қоғамдық бірлестіктер; саяси партиялар; діни бірлестіктер; еңбек ұжымдары; жергілікті мемлекеттік органдар; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (52.1 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club