Әкімшілік құқық
Автор: 7626526 • Октябрь 18, 2020 • Лекция • 710 Слов (3 Страниц) • 768 Просмотры
1 Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі әкімшілік құқықтың маңыздылығын талдаңыз.
2 Әкімшілік құқық пәнінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
3 Әкімшілік құқық әдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
4 Әкімшілік құқықтың қайнар көздерін жіктеңіз.
5 Сіздің пікіріңізше, әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің алуан түрлілігі немен байланысты?
6 Қазақстандық құқықтың жетекші салаларының арасындағы айырмашылықтарды талдап, берілген кестені толтырыңыз:
1 Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі әкімшілік құқықтың маңыздылығын талдаңыз. Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық қарым-қатынастардың бір тарабы мемлекеттік басқару органдары немесе осы органның лауазымды адамы, ал екінші тараптан мемлекеттік орган мен лауазымды адамы, сонымен қатар жекелеген адамдар (еліміздің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар), қоғамдық ұйымдар, ұжымдық қоғамдар болуымен сипатталады. Адамдардың қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні - ҚАНДАЙ қоғамдық қатынастар реттеледі деген сұрақты қарастырады. Ал әкімшілік құқықтың әдістері - қоғамдық қатынастарды ҚАЛАЙ реттеу қажеттілігін айқындайды
2 Әкімшілік құқық пәнінің ерекшеліктерін анықтаңыз. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару
2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы
3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.
4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.
5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады.
3 Әкімшілік құқық әдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз. Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:
1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);
2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)
3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)
4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды
4 Әкімшілік құқықтың қайнар көздерін жіктеңіз. 1) Құқықтық әдет
2) Нормативтік акт
3) Сот прецеденті
4) Шарт (оның ішінде - әкімшілік)
5) Сот практикасын жинақтап қорыту
6) Ғылыми құқықтық доктрина.
ҚР Конституциясы
Әкімшілік құқық кодексі
Азаматтық кодекс
Қылмыстық кодекс
5 Сіздің пікіріңізше, әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің алуан түрлілігі немен байланысты?құқық бұзушылықпен
6 Қазақстандық құқықтың жетекші салаларының арасындағы айырмашылықтарды талдап, берілген кестені толтырыңыз:
ҚР Конституциялық құқығы | Әкімшілік құқық | |
Қоғамдық қатынастарды реттеу ортасы | Коғамдық қатынастарды реттейді | Қоғамдық қатынастарды реттейді және құқық бұзушылықты болдырмайды |
Салалық әдістері | міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; ерік беру әдісі; мойындау әдісі. | міндеттеу әдісі; ерік беру әдісі; тыйым салу |
Салалық қағидалары | Заңдылық Сот құзыретiнiң ерекшелiгi Адамдардың заң алдында теңдiгi iнәсiздiк презумпциясы Кiнә принципi Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк Iзгiлiк принципi Жеке басқа қол сұқпаушылық | Заңдылық Сот құзыретiнiң ерекшелiгi Адамдардың заң алдында теңдiгi iнәсiздiк презумпциясы Кiнә принципi Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк Iзгiлiк принципi Жеке басқа қол сұқпаушылық |
Салалық функциялары | Басқа заңдарға бастау беру | Әкімшілік құқық бұзышылықты болдырмау ,оның жолын кесу ,және санкция белгілеу |
...